№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Туберкулез ауруы жайлы!

Туберкулез ауруы жайлы!


Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі, жыл сайын 24 наурызда Бүкіл әлемде туберкулезбен күрес күні өткізіледі.
 «Туберкулезді тоқтату» жаһандық серіктестігі 2025 жылы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні тақырыбын жариялады. Туберкулезбен күрес айлығының 2025 жылғы ұраны: «Иә!Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» .
Туберкулез микобактерияларының организмге енуінен туберкулез жұқпалы ауруы пайда болады. Бұл аурудың жұқпалы екенін, неміс ғалымы Роберт Кох дәлелденген. Ол алғаш рет қақырықтан туберкулез қоздырғышын тауып, анықтағандықтан – Кох таяқшалары деп аталады. 1882 жылдың 24 наурызында Роберт Кох өзінің ашқан жаңалығы жөнінде баяндама жасады, сондықтан 24 наурыз Бүкілдүниежүзілік туберкулезбен күрес күні болып жарияланды.
 Аурудың көзі – туберкулезбен ауырған науқас. Туберкулез қоздырғыштары қоршаған ортаға науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде таралады. Олар қоршаған ортада – киімде, жарығы жеткіліксіз, нашар желдетілетін бөлмелерде, әсіресе сыз тартқан бөлмелерде ұзақ уақыт сақталады, бірақ тіке түскен күн сәулесі әсерінен тез жойылады. Аз мөлшерде микобактерияларды жұту арқылы ауруды жұқтырып алуға болады.
 Көбіне туберкулез өкпені зақымдайтындықтан өкпе туберкулезі деп аталады. Сонымен қатар, ағзаның басқа да бөліктерін: ми, сүйек, бүйрек, көз, лимфа бездерін зақымдайды. Ауру белгілері білінбей дамуы да мүмкін, бірақ туберкулезге тән белгілер білінген жағдайда: салмақ жоғалту, тершеңдік, жалпы әлсіздік және тез шаршау, 2-аптадан аса жөтел, тәбеттің төмендеуі,  кеуде тұсының ауыруы, дене қызуының көтерілуі, қан түкіру пайда болған кезде дәрігерге жедел қаралу керек.
 Диагнозды Манту сынамасын жасау, рентгенологиялық және қақырықты тексеру арқылы қояды. Дер кезінде анықталған туберкулез жақсы емделеді және үзбей емделгенде толығымен жазылады.
 Туберкулездің алдын-алудың негізгі шаралары: жыл сайын 1 жастан 15 жасқа дейінгі «тәуекел» тобындағы балаларға Манту сынамасын жасау, 15 жастан бастап барлық ересек адамдар тұрақты мекен-жайы, оқу және жұмыс орны бойынша флюорографиялық тексеруден өту.
Жаңадан туылған нәрестелерге БЦЖ вакцинасымен егу. Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, күйзеліске апаратын жағдайлардан аулақ болу, организмнің қорғаныс қабілетін көтеру, таза ауада көбірек болу, созылмалы инфекциялар ошағын уақтылы емдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық сауаттылық, құнарлы, дұрыс тамақтану, өз денсаулығы мен балаларының денсаулығына жауаптылықпен қарау – осының бәрі дені сау қоғамның басты кепілі.
Ең бастысы, «өкпе туберкулезі» диагнозы қойылған жағдайда, уақытылы дәрігердің тағайындаған емін дұрыс қабылдап, тезірек бұл аурудан жазылуға күш салу қажет. 
Туберкулез әлі күнге дейін әлемдегі жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімнің басты себебі болып табылады.
Туберкулездің дамуына дұрыс тамақтанбау, улы өнімдерді (темекі, алкоголь, есірткі) тұтыну, жұмыс пен тұрмыстың қанағаттанарлықсыз жағдайлары, кейбір созылмалы аурулар (қант диабеті, қан аурулары, АИТВ) ықпал етеді.
Туберкулезге қарсы күрес бүгінде мемлекет пен бүкіл қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, сондай-ақ патогеннің туберкулезге қарсы препараттарға жоғары төзімділігі алдын алу шараларын елемеу жағдайында инфекцияға халықтың барлық топтарына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, алдын-алу туберкулезбен күресудің негізгі құралы болып қала береді.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Сақтық шараларын қолданыңыз және салауатты өмір салтын ұстануды ұсынамын!

Ш.Айдарова
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
17 наурыз 2025 ж. 86 0