Топ-баннер
» » ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ КӨРМЕСІ ЖАҢАҚОРҒАНДА..

ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ КӨРМЕСІ ЖАҢАҚОРҒАНДА..



Руханият орталығында Жаңақорған ауданының тарихы залында Әулиеата топырағында туып, ұлт руханияты мен мемлекет тарихының алтын қорына енген көрнекті тұлғалардың өмір жолы мен сан қырлы қызметін кеңінен танытуға бағытталған көшпелі көрме қойылды.
Көрмеде күй өнерінің хас шебері Ықылас Дүкенұлының, халық ақыны әрі композитор Кенен Әзербаевтың, еңбегімен ел құрметіне бөленген атақты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің, сырлы саздың саңлағы композитор Әбдімомын Желдібаевтың, әскери қайраткерлер – генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың, генерал-майор Сейтжан Қойбақовтың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Есен Демесіновтің, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің жеке заттары, мұрағаттық құжаттары, сирек фотосуреттері, кітаптары, қолжазбалары және тарихи құндылығы жоғары өзге де материалдар кітапхана қызметкерлеріне таныстырылды.
24 ақпан 2026 ж. 65 0