Топ-баннер

№14 (8928) 21

21 ақпан 2026 ж.

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жалпы білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарты

Жалпы білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарты

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығымен бекітілген жаңа тамақтану стандарты 2025-2026 оқу жылының 1 қыркүйегінен күшіне енді.Біздің өңірде жалпы білім беретін мектептерде төрт апталық маусымдық перспективалық мәзір облыстық білім басқармасымен келісіліп, денсаулық сақтау басқармасымен бекітілді. Тамақтану стандарты мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру және сауықтыру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға қолданылады.Тамақтану стандарты заманауи, халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген. Басты мақсаты- балаларды қауіпсіз, сапалы және құнарлы тамақтанумен қамтамасыз ету. Жаңа стандартқа енгізілген түзетулердің негізгі артықшылықтары:ДДҰ ұсыныстары бойынша тәуліктік қанттың қабылдау мөлшерін 25 грамнан, тұздың тәуліктік қабылдау мөлшерін 5 грамнан асырмау; Жемістер мен көкөністерді тұтынуды көбейту; Мәзірден табиғи емес тағамдарды, мөлшерден тыс тұзды және қант қосылған тағамдарды алып тастау; Білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру үлгілері: «Шведтік столы», Кейтеринг и аутсорсинг қарастырылған;Шағын жинақталған мектептерде – «Ланчпакеттер»(түскі ас пакеттері); Мектепке дейінгі ұйымдар мен балаларды сауықтыру ұйымдарында кейтеринг және аутсорсинг рұқсат етілмейді;Жеуге жарамсыздық индексі = Тамақ қалдықтары
Стандарт білім беру ұйымдарында тамақтанудың біркелкі тәсілдерін қамтамасыз етеді және оны енгізу балалардың тамақтануының сапасын арттыру мен денсаулығын нығайтудың негізіне айналуы тиіс. Мектеп тағамдарына арналған көп нұсқалы перспективалы мәзір үлгісі балалардың физиологиялық қажеттіліктерін энергетикалық құндылығын (калориялық) ескере отырып құрастырылған.Балалардың жас санаттары, маусымдық ерекшеліктерін (қыc-көктем, жаз-күз), сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген. Семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша ДДҰ ұсынымдары ескерілген. Рацион мыналарды қамтиды: ет, балық және көкөніс тағамдары, жаңа піскен көкөніс салаттары және қант мөлшері аз сусындар; майы аз сүт; пробиотиктері бар ашытылған сүт өнімдері; көкөністер мен жемістердің мөлшерін көбейту. Шағын мектептерге арналған түскі ас пакеттері (ланч-пакеты) қайнатылған, порцияланған сиыр/жылқы еті/тауықтың, күрке тауықтың төс еті/жартылай қатты ірімшік, қайнатылған немесе шикі көкөністер, көк шөп қосылған наннан, лаваштан жасалған пергаментке оралған ыстық бутерброд; ашытылған сүт өнімі (йогурт); маусымдық жемістер сусындар (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден).
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
М.Сандыбайқызы,
Жаңақорған аудандық СЭББ бөлім басшысы           
23 ақпан 2026 ж. 75 0