БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ», «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІНЕН 5-8, 10 - СЫНЫПТАРДА АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Жаңақорған ауданында негізгі және орта білім беру мектептерінде 2024 жылдың 27 мамырында 2023-2024 оқу жылының соңындағы 5-8, 10-сынып оқушылары үшін қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен және өзге тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен аралық аттестаттау бойынша емтихан жұмысы басталды. Ауданда 5 - 8 сыныптарда білім алатын 7508, 10 сыныптардағы 1241 барлығы 8449 оқушы емтиханға қатысады.
Аралық аттестаттау мақсаты – білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.
Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен 27-31 мамыр аралығына қойылды.