№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жамбыл облысы жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаны қолдап отыр

Жамбыл облысы жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаны қолдап отыр



Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының мүшелері Жамбыл өңіріне келді.

Облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өңір жұртшылығымен кездесу өтті. Іс-шараға мәслихат депутаттары, ардагерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, өңірдегі кәсіпорындардың, сондай-ақ медицина және білім беру салаларының қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 500-ге жуық адам бас қосты.

Кездесу қорытындысында Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституция қоғам сұранысына толық жауап береді және Тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Сондықтан олар Жаңа Конституцияны толық қолдайтындарын жеткізді. Өңір тұрғындары 15 наурызда сайлау учаскелеріне келіп, Жаңа Конституция қабылдау, яғни Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құру жолында өз таңдауын жасайды.
17 ақпан 2026 ж. 596 0