КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Жаңарық ауылының №167 Келешек мектебінде аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы өтті.
Аталған жиынға Жаңақорған ауданының прокуроры Бахытхан Төлегенұлы Бөлеулиев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Қордабаев, комиссия мүшелері, мекеме басшылары, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде үш мәселе, «Жастар мен жасөспірімдер арасында топтық төбелесті болдырмау бағытында атқарылған шаралар, мектеп оқушылары арасында буллингтің алдын алу жұмыстары және №167 Келешек мектебі директорының «Мектеп оқушыларының құқықтарының сақталуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы» есептерін тыңдау қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Қордабаев, екінші мәселе бойынша Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің тәрбие және қосымша білім беру әдіскері Асқар Сарекеев, үшінші мәселе бойынша №167 Келешек мектебінің директоры Ұланбек Бимбетов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.




