Соңғы жаңалықтар

№8 (8922) 31

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (8921) 27

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (8920) 24

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН АУДАН БЮДЖЕТІ 21,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН АУДАН БЮДЖЕТІ 21,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңіріне деген айрықша қолдауының арқасында, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен Қазалы ауданында айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асып келеді. Бүгінде Қазалы ауданының экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі.
2025 жылға арналған аудан бюджетінің кірестері 18,9 млрд. теңге болып бекітіліп, 21,6 млрд. теңгеге нақтыланды. Оның ішінде, өз кірістеріміз  3,1 млрд. теңгеге бекітілсе, нақтыланған жоспар  4,1 млрд. теңге, нақты 4,5 млрд. теңгеге орындалып, бекітілген бюджеттен 1,4 млрд. теңге қосымша түсім қамтамасыз етіліп, 43,9% ұлғайды. 
2026 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 13,6 млрд. теңге болып бекітілді. Оның ішінде, өз кірістеріміздің жоспары 4,2 млрд. теңге.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында 2025 жылдың 12 айында оң тенденция сақталды.  
Өнеркәсіп өндірісі – 112,3 (32 млрд. 863 млн.теңге), өңдеу өнеркәсібі – 112,8 (28 млрд. 863 млн. теңге), сауда – 101,1 (16 млрд. 181,8 млн. теңге), ауыл шаруашылығы – 103,6 (30 млрд. 869,4 млн.теңге),                                          негізгі капиталға тартылған инвестиция – 105,1 (29 млрд. 681 млн.теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 145,6 (20 млрд. 726  млн.теңге), тұрғын үй құрылысы – 105,7 (67 093 ш.м.) пайызға  артты.

                                                     ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 5371 КӘСІПКЕР ТІРКЕЛГЕН

Қазыналы Қазалы ауданында өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Халық арасында Қазалы ауданын – «Екінші Түркістан» деп атап жатады. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Мәселен, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін                   5371 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 5216 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші –   91,7 пайыз болды.
2025 жылы ауданда жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп,                    71 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, 2025 жылы ауданда 2 млрд. 400 млн. теңгеге ірі 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оның ішінде       3 жоба іске қосылды.
Атап айтар болсам, жеке кәсіпкер О. Медеубаеваның 600 млн. теңгенің сауда үйі, жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың     650 млн. теңгенің аквапарк пен қоғамдық тамақтану орны, жеке кәсіпкер А.Бақытбектің 500 млн. теңгенің қонақ үйі. 
Басықара ауылынан «Арал рыбторг» ЖШС 650 млн. теңгенің тауарлы балық өсіру тоғанының жобасы бойынша кәсіпкерлік 464 гектар жер учаскесі табысталып, тоғанның құрылысы жүргізілуде.



                       «АУЫЛ АМАНАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 50-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Елімізде 2023 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетін дамыту арқылы ауылдағы жұмыссыздықты азайту, халықтың табысын арттыру және агроөнеркәсіптік кешенді нығайту мақсатында – «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған болатын. Бүгінде аталған жоба аясында мемлекет тарапынан несие алып, өз кәсібін бастаған қазалылықтар жетерлік. 
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда 2023-2024 жылдары 883,5 млн. теңгеге 131 жоба қаржыландырылып, 128 жұмыс орны ашылса, 2025 жылы 288,8 млн. теңгеге 40 жоба қаржыландырылып, 50-ге жуық жұмыс орны ашылды.
БИЫЛ ҚАЗАЛЫЛЫҚ ДИХАНДАР 17 МЫҢ 257 ГА ЖЕРГЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
Қазалы ауданы ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. 
Ауыл шаруашылығы дихандары 2025 жылы  17 мың 445 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, егін мерзімінде толық жиналды. 
2025 жылы негізгі дақыл күріш 5 мың 636 гектарға егіліп, әр гектардан 42,8 центнерден өнім алынып, 24 мың 124 тонна күріш жиналды. 
2026 жылға 17 мың 257 гектарға егін егу жоспарлануда, оның ішінде негізгі дақыл күріш 6 мың гектарға егіледі деп күтілуде.
Биылғы жылы Президент Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне байланысты егін шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеу мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қолға алынуда. 
                              ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛЫ МАЛ БАСЫНДА ӨСІМ ҚАЛЫПТАСТЫ
Қазалы ауданы бойынша 2025 жылы малдың барлық түрінде өсім бар. 2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша мал басы: 50 433 бас мүйізді ірі қара (өсім 5,5%), 87 567 бас уақ мал (өсім 4,3%), 54 657 бас жылқы (өсім 3,8%), 13 561 бас түйе (өсім 2,0%), 7 635 бас құс (өсім 7,4%) құрап отыр.
                                       2025 ЖЫЛЫ 3579 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЭКСПОРТТАЛДЫ
2025 жылдың 12 айында ауданнан Ресей, Беларусь, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Литва, Нидерланды елдеріне 6 235 тонна өнім, тарқатып айтсақ, 1 508 тонна күріш, 813 тонна балық, 4 074 тонна қамыс экспортқа шығарылды.
                                    ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес 2025 жылы аудан халқын таза ауыз сумен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
 Ауыз сумен қамту бойынша 2025 жылы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, республикалық, облыстық және арнайы есеп шоттан, барлығы 1 млрд. 494,6 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толыққанды жүргізіліп, аталған елді мекендерге   таза ауыз су пайдалануға берілді. Нәтижесінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданының халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды.
                        ТҰРҒЫНДАРДЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
Бүгінде Қазалы ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда.
2025 жылға Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңғырту жұмыстарына (2024 жылы 111,4 млн. тг,) 336,7 млн. теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде (Жоба құны 580,0 млн. теңге).                 
2026 жылға облыстық бюджетті нақтылау барысында аталған нысанның жұмысын жалғастыруға 132,0 млн. теңге бөлінді.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 442,8 млн. теңгеге Қожабақы ауылының электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары толық атқарылды.
2025 жылы Ү.Түктібаев ауылының электр желілерін жөндеуден өткізуге бюджеттік кредиттен 218,5 млн. теңге (Жоба құны 242,8 млн. теңге) бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. 
Электр желілерінің тозу деңгейі 2024 жылы 69 пайызға төмендесе, 2025 жылы 68 пайызға төмендеп отыр. 
Сондай-ақ «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылға қосалқы стансасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 378,2 млн. теңге қаржы бөлінді.  
                                   ҚАЗАЛЫДА 80 ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
2023 жылы ауданымызда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 52 отбасыға жаңа баспана тапсырылған болатын. 2024 жылы да үлгілі үрдіс жалғасып, жалға берілетін тұрғын жай сатып алуға қаржы бөлініп, барлығы 2 пәтерлі 74 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде 2024 жылы 148 отбасыға жаңа баспана кілті табысталды.
Ал, 2025 жылы аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен аудан орталығы - Әйтеке би кентінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 80 отбасы жаңа баспананың қуанышына бөленді.
АҚТАН БАТЫР АУЫЛЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ
2025 жылы Қазалы ауданында елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Ауданда жалпы газбен қамтудың индикаторлық үлесі елді мекендер бөлінісінде 21,4 % құрайды. Ал, жеке тұрғын үйлердің 75,8 % көгілдір отынға қосылған (барлығы - 15903 үй, 12056 үй газдандырылған).
2024 жылдың аяғында Қазалы ауданындағы Абай ауылы және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толыққанды қосылды.
2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына қаржы бөлініп, жұмыстар толық атқарылды. 2025 жылы  ауданымыз 75 пайызға газбен қамтылып отыр.
2026 жылға Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. 2026 жылдың соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5  пайызға жеткізу жоспарлануда. 
Көгілдір отынға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газга бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ 
Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы дұрысталып келеді.
Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтты, 82,4 шақырым қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар. 2024 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 88,2 пайызды құраса, 2025 жылы Жанқожа батыр ауылының кіре беріс және «Әлсейіт» көпірінен бастап, Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықтағы автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өткізіліп, аудандық маңызы автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрады. 
2026 жылға Қожабақы-Аранды және «Қарлан» учаскесінен Бірлік ауылына дейінгі аралықтағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарымызда бар. 2026 жылға жобаны бастауға  аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. 
2025 жылы қала және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
2024 жылы жұмысы басталған Қазалы қаласының 10 көшесінің жұмысын жалғастыруға қаржы бөлінді. Нысан 2026 жылға өтпелі.
Әйтеке би кентінің 17 көшесін жөндеуге 756 млн. теңге, Басықара ауылының 1 көшесін жөндеуге 53,8 млн. теңге, Жалаңтөс ауылының 2 көшесін жөндеуге 149,6 млн. теңге және Майдакөл ауылының 1 көшесін жөндеуге 50,2 млн. теңге, барлығы – 31 көше.
2026 жылға Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінің айналма жолының құрылысы басталатын болады. Бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы қаралса, А.Талқанбаев көшесінің жолын қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді. 
2026 жылы Әйтеке би кентіндегі 10 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта 10 көшенің жұмысын бастауға аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралды. 
2026 жылға Қожабақы ауылының тұсындағы темірбетонды көпірге күрделі жөндеу жұмысын бастауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 
Аймақ басшысының қолдауымен облыстық басқармалар арқылы ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
2026 жылға Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығындағы 4 жолақты жолдың түнгі жарықшамдарын орналастыруға қаржы бөлініп, бүгінде 4 жолақты жолдың жарықшамдары толықтай іске қосылды.

ҚАЗАЛЫДА ҚАРЛАН КӨПІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
2022 жылы Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен темір бетонды көпір құрылысы басталған болатын. Алайда мердігер мекеме «СтандартОйлКзо» ЖШС-інің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысы тоқтап қалған болатын. 
Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындамау салдарынан сот процестері жүргізіліп, келісім шарт біржақты бұзылды. Сондай-ақ көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі анықталды.
2025 жылдың сәуір айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды бастаған болатын. 
Бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізіліп, көпірдің кіреберіс жолдарын салу, Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмыстары жүргізілуде. 
Қарлаң көпірінің құрылысы тезірек аяқталса Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.
ҚАЗАЛЫДА 2025 ЖЫЛЫ 300 ОРЫНДЫҚ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 
Өткен жылы ауданның білім баласы толайым табыстарға қол жеткізді. 
2024 жылдың басында Әйтеке би кентінде 250 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілсе, 2025 жылы Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Бүгінде білім ордасы ауыл балаларына сапалы білім мен жарқын болашақтың даңғыл жолын ұсынып отыр. Заманауи құралдармен толық жабдықталған 23 оқу кабинеті, «STEM», робототехника, хореография бөлмесі, спорт залы, кітапхана және асхана оқушылардың сапалы білім алуына қызмет жасайды. 264 оқушы қосымша біліммен қамтылған.
Бұдан бөлек ауданның білім саласында 2025 жылы аудан орталығындағы №234 Ж.Жабаев атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізілсе, 8 білім ордасына ағымдағы жөндеу жүргізуге қаржы бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Аудандағы білім ордалары жабдықталған кабинеттермен қамтамсыз етіліп,  25 білім беру ұйымдарына талапқа сай бейнекамера орнатылды. 
Сонымен бірге, Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп ғимаратының қасбеті қапталып, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ауласына ойын алаңы салынды.  

ҚАЗАЛЫДА СПОРТ КЕШЕНІ МЕН АУЫЛДЫҚ КЛУБ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
2024 жылы Қазалы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешені және 1 ауылдық клуб құрылыс жұмыстары басталған болатын. Олар құны 628,7 миллион теңге болатын Әйтеке би кентінденгі «Жеңіс» саябағынан спорт кешені, 429 млн. миллион теңге болып белгіленген Бекарыстан би ауылынан спорт кешені, Қожабақы ауылынан спорт кешені. Құны – 537,1 миллион теңге. Бұл қатарда 399,1 миллион теңгелік Майдакөл ауылынан 100 орындық клуб та бар.
2025 жылдың желтоқсан айында Майдакөл ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілсе, осы жылдың қаңтар айында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен Бекарыстан би ауылындағы спорт кешені пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек бүгінде Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында заманауи үлгіге сай спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл нысандарда жыл соңына дейін толықтай аяқталып, ел игілігне пайдалануға берілмек.
                      ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентін теміржол желісі екіге бөліп жатқаны белгілі. Теміржолдың арғы бетінде 15 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Осы мәселені шешу мақсатында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен теміржол вокзалы маңынан жаяу жүргіншілерге арналған теміржол үстінен өтетін заманауи аспалы көпір салынып, ел игілігіне берілген болатын. 
Жалпы құны 1,3 млрд теңгеге салынған теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысымен мердігер мекеме  «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС айналысты.
Аталған нысан тұрғындардың қауіпсіз әрі еркін қозғалуына толық жағдай жасайды. Көпірдің үсті мен жаны толық жабық, іші жылы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы лифт орнатылған. Бұл – барша тұрғынның, әсіресе қарттар мен ерекше қажеттілігі бар жандардың жайлы қатынауын қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызы зор жоба.
Жаңа көпірдің іске қосылуы тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тауып, халық өз ризашылығын білдіруде. Елдің өмір сапасын арттыруға бағытталған осындай игі бастамалар өңірдің дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.
ҚАЗАЛЫДА 42 ТӨСЕКТІК КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгінде Қазалы ауданындағы денсаулық сақтау саласында елдің игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұған дейін ауданымыздағы Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулториялар пайдалануға берілсе, 2025 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан 42 төсектік кардиология және инсульт орталығы ашылды. 
Бүгінде орталыққа КТ аппараты әкелінсе, жыл соңына дейін бүгінге дейін аудан тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылмақ. Қазіргі таңда жаңа аппараттармен жұмыс жасайтын тиісті мамандардың білімі жетілдірілді. Осындай соңғы үлгідегі жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі мен жаңа қазіргі заман талабына сай салынған ғимараттар аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал ететін болады.
Одан бөлек, 2024 жылы аймақ басшысының қолдауымен ауданның денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркін жаңару мақсатында                         25 санитарлық автокөлік алынып, бүгінде халыққа қызмет етуде.
                                           2025 ҚАЗАЛЫДА МӘДЕНИ-ДЕМАЛЫС КЕШЕН АШЫЛДЫ
2025 жылы аудан орталығын абаттандыру мақсатында аудандық бюджет есебінен қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы абаттандыру және құрылыс жұмыстары жүргізілген Қазалы мәдени-демалыс кешені, Орталық алаң, теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би алаңы, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы «Руханият» сквері сынды орындар бүгінде аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарына айналды.
Жалпы ауданда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының ішіндегі ең ауқымды жұмыстардың бірі – Қазалы мәдени-демалыс кешенін айтып кетуге болады. Жалпы аумағы 20 гектарды құрайтын бұл кешен облыс бойынша ең үлкен саябақтардың бірі болып саналады. Кешен жалпы екі бөліктен тұрады. Отбасылық демылыс саябағы және Жеңіс саябағы. Мәдени-демалыс кешенде «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Ғашықтар» аллеялары және отбасылық мейрамханалар мен тамақтану, демалыс орындары, спорт және балалар ойын алаңдары, атракциондар, аквапарк, субұрқақтар, жасанды көлшік сынды тағы басқа да нысандар бар.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған саябақ ендігі аудан тұрғындарымен қонақтарының салауатты өмір салтын ұстануына, отбасы мүшелерімен бірге тиімді уақыт өткізуіне мүмкіндік беруде.
                                  «РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫ» ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
2025 жылдың мамыр айында аудан орталығы - Әйтеке би кентінде Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Руханият орталығы» ғимараты пайдалануға берілді. 
Бүгінде бұл орталықта неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі жұмыс жасауда. «Руханият орталығының» әртүрлі әлеуметтік топтардың қарым-қатынасы мен ықпалдастығын, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы, сабақтастықты сақтаудағы орны ерекше. Бір ғимаратта еңбек ететін жастарды, ардагерлер мен ақ жаулықты аналарды, мәдени мекемелерді ортақ іске жұмылдыру жемісін беріп келеді.
                         ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Өткен жылы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен, аймақ басшысының басшылығымен өңірдегі теміржол вокзалдарының барлығына күрделі жөндеу,  вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары басталған болатын. 
2025 жылдың сәуір айында 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын.  
Қазалы теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Вокзал ғимаратына соңғы рет 2013 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату сынды жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ алдағы уақытта вокзал аумағын көгалдандыру және абаттандыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу – бұл уақыт талабы және стратегиялық маңызды қадам. Бұл жоба көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізетін болады.
2025 ЖЫЛ ҚАЗАЛЫЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ҮШІН ЖЕМІСТІ ЖЫЛ БОЛДЫ
Қазалы ауданында бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатындар саны бүгінде – 39 пайызға жетті. 2025 жылы аудан спорты жағымды жаңалыққа толы болды. 
Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің ерекше қолдауымен ауданымызда спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жолға қойылды.                                                                                                                                                                                                                                                                                
Өткен жылы аудан спортшылары спорт түрлері бойынша Азия чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алса, Халықаралық турнирлерде 2 алтын, 6 күміс, 7 қола медальды қоржынға салды. 
Қазалылық сопртшы Толыбай Зарина Шри-Ланка елінің Коломбо қаласында бокстан өткен Азия Чемпионатында 75 келі салмақта чемпион атанса, Болат Ақбота 48 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді. Оған қоса, Бішкек қаласында өткен гір көтеруден Азия чемпионатында Булекбаев Мейрамбек күміс және қола медальдарын иеленді. Бахрейн мемлекеті Манама қаласында гандболдан жасөспірімдер арасында 3-ші Азия ойындарында жерлесіміз Көпжан Бану Қазақстан құрама сапында ІІІ орын иеленді.

ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
2025 жылдың басында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде аудандық прокуратураның барлық талаптарға сай жабдықталған, жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Жаңа нысан прокуратура қызметкерлеріне ыңғайлы кабинеттері, мәжіліс залы, азаматтарды қабылдайтын бөлмесі, басқа да қызметтік жайларымен толықтай қамтылған.
Айта кетейік, құны  339,8  млн. теңгені құрайтын аудандық прокуратура ғимаратының құрылысымен мердігер мекеме - «СК Монтаж и Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты. Екі қабаттан тұратын нысанның жалпы жер көлемі 2400 шаршы метрді құрайды.
ҚАЗАЛЫДА 4741 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Әлеуметтік саланың дамуын жеделдету – біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет. 
Экономиканың түрлі саласында 2025 жылы 4741 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайтарымсыз грант алғандар - 146 адам, әлеуметтік жұмыс - 60, жастар практикасына - 311, ақылы қоғамдық жұмысқа - 939, күміс жас жобасына - 85, 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнына - 958, ауыл аманатына - 66, тұрақты жұмысқа - 1957, ұлттық жоба бойынша 276 адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылдың қорытындысымен жұмыссыздар саны 1139 адам, жұмыссыздық деңгейі           5 пайызды құрап отыр.
                                       ЖАСТАР КЕРУЕНІ ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Қазір аудан халқының 29,7 пайызы – жастар. 2025 жылы ерікті жастардың қатысуымен барлығы 200-ден аса іс-шаралар өткізілді. Ал оған 6500  жас қатыстырылды. Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен бүгінге дейін, 80 мәдени шара, 64 спорттық сайыс,  мемлекеттік бағдарламалар бойынша сала мамандарымен бірге 40 кеңес беру акциясы, 
жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша 64 қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ орталықтың мамандарымен бірге 4500-ден астам жастарға кеңестер берілді. Оның ішінде 50 жас құқытық кеңес,     250 жас түрлі мәселелер және 800-ден астам жастар түсіндірме жұмыстарымен аралау барысында кеңес алған.
Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың ұсыныстарына құлақ түру мақсатында «Жастар керуені» жобасы тұрақты өтіп келеді. Жоба аясында  ауылдық елді мекенде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
                                 2025 ЖЫЛЫ ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асып келеді. Бұл тазалық науқанына барша қазалылықтар жыл сайын белсене атсалысып келеді. 
Аталған акция аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытындағы шаралар аудан көлемінде кең ауқымда ұйымдастырылып, жыл басынан бері жалпы саны 100-ден астам сенбілік өткізіліп, 20 840 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылып, оның  7688 тоннасы  сұрыпталды.
Ал, тазалық шаралары аясында аудан бойынша жыл басынан бері 41 900 ағаш егіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
02 ақпан 2026 ж. 64 0