Мемлекеттік қызметшілердің құқығының қорғалуы басты назарда

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекеттің мүддесіне қызмет ететін жауапты сала. Осы салада жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – тиімді, кәсіби және адал мемлекеттік аппарат қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.
Бұл ретте, азаматтармен бірге мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау, ал бұзылған жағдайда қалпына келтіру жұмыстары Департаментпен жүзеге асырылып келеді.
Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Дегенмен, мемлекеттік қызметшілердің қызметі Әдеп кодексінде белгіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соңғы кезде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу деректері әлі де орын алуда.
Мысалы, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялардың жұмысына жүргізілген талдау нәтижесімен 2025 жылдың 12 айында 631 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда 495, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінде 136 мемлекеттік қызметші тәртіптік жаупкершілікке тартылған.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың арасында қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 9, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 7 мемлекеттік қызметші бар.
Талдау нәтижесімен 19 мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңсыз қабылданған тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтар мен өкімдердің күші жойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2025 жылдың 12 айында 38 тексеру жүргізілді, оның ішінде 10 жоспарлы және 28 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 715 заң бұзушылықтар анықталды.
Тексерулер нәтижесімен Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 19 ұсынулар енгізіліп, 47 мемлекеттік қызметшінің және 6 жеке тұлғалардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, аз-ша Ж.Е.- ның жолданымы негізінде Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөліміне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесімен, аз-ша Ж.Е.-ға негізсіз сыйлықақы төленбей, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу» Қағидаларының талаптары сақталмағандығы анықталды.
Енгізілген ұсыну нәтижесімен Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімімен аз-ша Ж.Е.-ға сыйлықақы беру туралы бұйрық қабылданды.
Сондай ақ, аз-ша К.А.-ның жолданымы негізінде Арал ауданы, Сексеуіл кенті әкімі аппаратына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесімен, Сексеуіл кенті әкімі аппаратының бас маманы А.А. тарапынан әдеп кодексі талаптары сақталмағандығы анықталды.
Бұған қоса, Сексеуіл кенті әкімі аппаратының жетекші маманы З.И. негізсіз тәртіптік жазаға тартылғандығы белгілі болды.
Ұсынудың қарау нәтижесімен әдеп кодексі талапатырын бұзғаны үшін Сексеуіл кенті әкімі аппаратының бас маманы А.А.-ке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, жетекші маманға заңсыз қабылданған тәртіптік жаза қолдану туралы өкімінің күші жойылды.
Бұдан бөлек, жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алуға және оған жол бермеу мақсатында 95 мониторинг жүргізіліп, 365 үстеме жұмыс жасау дерегі анықталды. Департаменттің хаты негізінде 365 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 653 демалыс сағаттары берілді.
Сондай-ақ, Департаментпен 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында 2024 жылдың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беруде заңдылықтардың сақталуына талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесімен 6 мемлекеттік қызметшіге негізсіз сыйақы берілмегендігі анықталып, олардың құқықтарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Аталған мәселе, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қабылданған шешім негізінде 6 мемлекеттік қызметшіге сыйақы төленді.
Департамент алдағы уақытта да өз міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылаумен қатар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзылмауын қадағалайтын болады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы Т.М.Нуртаев


