№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті

Аружан Сағандықова 7 млн теңгелік турнирде жеңіске жетті



Қазақстан теннисшісі Аружан Сағандықова Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF санатындағы жұптық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол бұл жарыста ресейлік Мария Головинамен бірге өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалда 21 жастағы Сағандықова мен 18 жастағы Головина Жапония өкілдері Ману Кавамура мен Хонока Кобаяшиді 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл Аружан Сағандықованың ITF турнирлеріндегі бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі болды. Ал Мария Головина үшін бұл сегізінші ITF атағы және жұптық сындағы алтыншы жүлде саналады. Ахмедабадтағы турнир барысында дуэт төрт матч өткізіп, бірде-бір сетте жеңілген жоқ.
Айта кетейік, аталған турнирдің жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын немесе шамамен 7,6 млн теңгені құрайды.
14 қаңтар 2026 ж. 303 0