№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (8912) 23

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЕКПІНДІ АУЫЛЫНДА 100 ОРЫНДЫҚ КЛУБ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЕКПІНДІ АУЫЛЫНДА 100 ОРЫНДЫҚ КЛУБ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ



Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданы Екпінді ауылындағы 100 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, құрылыс саласындағы, мәдениетті өркендетудегі бастамаларға тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданып, бұл бағыт мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі болып белгіленгені бері көп жұмыс атқарылды.
Ауылда шаруашылықты, кәсіпті дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларды тиімді, мақсатты пайдалану өте маңызды. Биыл облысымызға 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. Алдағы үш жылға 98 инвестициялық жоба жоспарланған.
Бүгін өздеріңізбен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Екпінді ауылындағы 100 орындық клубтың ашылу салтанатына жиналдық. Жаңа мәдениет ошағында руханияттың алтын тамырынан нәр алған өнерпаздардың шығармашылығы шыңдала берсін! Екпінділіктерге жаңа клуб құтты мекен болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері мен клубты сапалы салып, мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сенат депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы, Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шарада облыс әкімі ауылдың талантты жасөспірімдеріне домбыра сыйлап, ұлттық өнерді дамытуға бағытталған игі іске қолдау көрсетті.
27 желтоқсан 2025 ж. 21 0