Теолог Сарсенбайұлы Бақберген аудан тұрғындарымен кездесті

Аудан тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Оңалту және киберқадағалау жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің аға маманы, теолог Сарсенбайұлы Бақбергеннің қатысуымен елді-мекендерде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Теолог маман ауданымыздағы Жаңақорған аграрлы техникалық колледжі,Жаманбай батыр, Кеңес елді-мекені, Аққорған, Қыркеңсе, Жаңарық ауылдық округтерінде және Руханият орталығына арнайы жасаған түсіндірме жұмыстарында тұрғындардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қоғамда радикалды көзқарастардың таралуының алдын алу мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді. Шара барысында қатысушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зияны, теріс идеологиялардың таралу жолдары және олардың алдын алу тетіктері туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары туралы да айтылды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, деструктивті діни ағымдардың теріс ықпалының алдын алу, және рухани тәрбие мен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру тақырыптарында кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесулерде дәстүрлі ислам дінінің тәрбиелік мәні, отбасылық құндылықтардың қоғамдағы рөлі, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың жастар тәрбиесіндегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, олардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.




