№94 (8908) 9

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Менингококты инфекциясы – Neisseria meningitides бактерия тудыратын жіті жұқпалы ауру

Менингококты инфекциясы – Neisseria meningitides бактерия тудыратын жіті жұқпалы ауру

 
Менингококк инфекциясының ауырлығы бірнеше сағат ішінде өлімге әкелетін назофарингиттен кенет сепсисіне дейін өзгереді. Ауру ауа тамшылары арқылы беріледі (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Менингиттің алғашқы белгілері спецификалық емес, қарапайым суыққа ұқсас (температураның көтерілуі, бас ауруы). Аурудың егжей-тегжейлі көрінісі пайда болған кезде, медициналық көмекке уақтылы жүгінбесе, өлім-жітім 50%-дан асады.

 Негізгі клиникалық көріністерге мыналар жатады: дене температурасының 39,0°С және одан жоғары күрт көтерілуі, төзімсіз бас ауруы, жеңілдік әкелмейтін алдын ала жүрек айнуынсыз құсу, геморрагиялық бөртпе, мойын бұлшықеттерінің кернеуі, тыныс алудың бұзылуы, тежелу, сананың шатасуы. Басқалар үшін инфекция көзі ауру немесе белгілері жоқ тасымалдаушылар болып табылады.  Бір науқасқа 20 мыңға дейін тасымалдаушы келеді.
 Менингококты инфекциясың қыс және ерте көктем айларында өрши туседі. Өйткені, бұл уақытта адамның иммундық жүйесі жылдың осы уақытында белсендірілетін көптеген вирустармен - ЖРВИ, тұмау және т.б. әсерінен әлсіреген. Иммунитеті толық қалыптаспағандықтан көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ клубтарда, адам жиналатын жерлерде, шылым шегу, ортақ сусын ішу сияқты көптеген қауіп факторларының жиынтығымен ерекшеленетін жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады.
Менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
  1. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, асқынып кетуді болдырмас үшін, медициналық көмекке жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
  2. Адам көп жиналатын жерлерге бармау керек.
  3. Аурып қалмау үшін және айналаданғы адамадарға ауру жұқтырмау үшін, мұрын-жұтқыншақтарының жіті және созылмалы ауруларды (фарингит, тонзилит, ларингит ) уақтылы емдеу керек.
  4. Таза ауада серуендеу ұсынылады. Қоғамдық көліктермен жүрмеуге тырысу керек.
  5. Витаминдермен, микроэлементттермен байытылған толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру иммунитттің жоғарлауына әсер етеді.
  6. Бөлмені жиі желдету, күніне 2 реттен кем емес.
  7. Жөтелген кезде, түшкірген кезде бір реттік орамал пайдалану керек. Қол орамал болмаған жағдайда – «шынтаққа» жөтелу және түшкіру.
  8. Қолды сабынмен 20 секунд мұқият жуу.
 
Өкінішке орай, көп ата-аналар аурудың қанашықты қауіпті екендігін білмейтіндіктен білікті медициналық көмектен бас таратады. Менингококк инфекциясы ауруының кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, оның алғашқы белгілерінде мүмкіндігінше ертерек дәрігерге жүгіну қажет, себебі бұл баланың, жасөспірімнің өміріне байланысты болады. Менингит қауіпті инфекциялардың ондығына кіреді, сақ болыңыз.

Ж. Шайхысламов,
Аудандық СЭББ-сы бөлім басшысы
11 желтоқсан 2025 ж. 459 0