«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Менің отбасым» тақырбында Отбасы күніне орай кездесу

Бүгін «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Менің отбасым» тақырыбында Отбасы күніне кездесу өтті. Ауданымыздағы ұзақ жылдар бойы кітапханада еңбек еткен, бала тәрбиесін қоса алып жүрген, асыл ана Таймбетова Жамила Ташкенбайқызының отбасына «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Мажитов арнайы барып Отбасы күнімен құттықтады. Алғыс хат пен сый-сыяпат көрсетті.
«Сіз – өз ғұмырыңызды білім мен руханияттың шамшырағы болған кітапханаға арнап, талай оқырманға жол көрсеткен, парасат пен мейірімнің иесі атанған жансыз. Жай ғана кітапханашы емес, оқырман мен кітап арасын жалғаған рухани көпір, жас ұрпақты ізгілікке баулыған ұстаз, қайырым мен кішіпейілдіктің үлгісісіз. Отбасыңызда адал жар, бала тәрбиесінде дана ана бола білдіңіз. Жұмыс пен отбасын қатар алып жүріп, әр ісіңізден жылылық пен жанашырлықтың лебі сезіліп тұрады. Ендігі өміріңізде бала-шаға, немере-шөбере қызығына бөленіп, денсаулығыңыз мықты, көңіліңіз шат болғай! Жақсы адамдардың жүзі жарық, сөзі нұрлы, ісі үлгі болады. Сіз сондай жансыз!» - деп атап өтті Арман Әбілпейісұлы.
#AMANAT




