Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекеттік қызмет мәртебесі

Мемлекеттік қызмет мәртебесі


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сыр еліне арнайы іс-сапармен келіп, облыс активімен кедесті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев модераторлық еткен жиынға Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов пен зиялы қауым өкілдері қатысты. Негізгі мәселе – мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен міндеті, жас кадрлардың болашағы туралы баяндау, атқарылып жатқан және алдағы межені анықтап, жүйелі жобаларды жандандыру. Осы күні елге еңбегі сіңген аға буын өкілдерінің талай жылғы қызметтері ескеріліп, марапат биігінен көрінді.

Алдымен аймақ басшысы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
– Сыр өңірінің халқы Мемлекет басшысының, Үкіметіміздің барша бастамаларын қолдап келеді. Президентіміз «Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет» деп атап өткен болатын.
Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы. Жауапкершілігі жоғары салада өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді сарқып, ел-халыққа адал қызмет ете беруге шақырамын, – деді облыс әкімі.
Актив отырысында Дархан Медеғалиұлы мемлекеттік қызметті дамыту, кәсібилендіру, іріктеу процестерін жетілдіру, қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан кешенді шаралар туралы айтты. Әрі жаңашылдықтарды жүйелеп, жас мамандарды көтермелеудегі басым бағыттарды айқындады. Соның ішінде, президенттік жастар кадры резервінің ахуалына тоқталды. Оған еліміз бойынша 11 мыңнан аса жас өтінім берсе, оның ішінде Сыр өңірінің де үлесі басым. 300-дей маман өтінім тапсырған.
Жиында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еңбек еткен ардагерлерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.
Жалпы мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін абыройлы лауазым болып табылады. Бүгінде әрбір арнайы, орта және жоғары білімі бар жас мамандардың мемлекеттік қызметке келуіне жан-жақты жағдай жасалған. Бұл қызмет түрі үміткерден жеткілікті білімді, құқықтық сауаттылықты, өнегелі тәртіпті, адалдық пен ар-намыс тазалығын талап етеді.
Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттырады және басқару қызметі тиімділігін бағалаудың өлшемі болып табылады.
Еске салайық, биыл маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілген болатын. Олай болса жауапкершілік жүгі де арта түспек.

Әли ТЕМІРБЕК
27 қыркүйек 2025 ж. 1 195 0