№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жас мемлекеттік қызметшілер алғашқы құрылтайда бас қосты

Жас мемлекеттік қызметшілер алғашқы құрылтайда бас қосты






Қызылордада жас мемлекеттік қызметшілердің алғашқы құрылтайы өтті.
Құрылтай «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылып отыр. Аталған клуб 2012 жылы ашылып, 2012-2014 жылдары белсенді жұмыс істеген болатын. Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру мақсатында биылдан бастап клуб өз жұмысын қайта жандандырды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырғанқұрылтайда аймақтағы ең белсенді жас мемлекеттік қызметшілер басқосты.
Құрылтайға аймақтағы мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын жас мемлекеттік қызметкерлер арасындағы көшбасшылары, елдің тағдарына бей-жәй қарай алмайтын патриоттар, мемлекеттік қызметтің нағыз жанашырлары қатысты.
Шараға«Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының құрылтайшысы Жандос Тұсмағамбетов модераторлық жасады. Көптен күткен құрылтай барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, Мемлекеттік басқару академиясы филиалының басшысы Мұрат Әйтімовтер тұшымды баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында клубты 10 жыл бұрын басқарған сол уақыттағы жас мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметтетәжірибесі молАйдын Қайруллаев естеліктерімен бөлісті.
Клубтың жаңа төрағасын таңдауда мемлекеттік органдардан келген делегаттардың таңдауы облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, белсенді жас мемлекеттік қызметші Мади Бекмағамбетовке түсті. Көпшіліктің таңдауына ие болған Мади Бекмағамбетов сөз сөйлеп, клубтың жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметші Бақытбек Шайкамалов пен облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш клубтың дамуына жаңа идеялар қосып, іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.
Көшбасшылар бас қосқан құрылтайда жас мемлекеттік қызметшілер арасынан ұсыныстар жинақталып, алдағы жоспарларына ортаға салып талқылады. Алдағы уақытта көшбасында жүрген жас мемлекеттік қызметкерлердің көркем әрекеттерінің куәсі болатынына сенімдіміз.
29 сәуір 2022 ж. 431 1

Kellye от 10 маусым 2025 19:54
Fantastic data. Thanks a lot! casino en ligne Great information. Thanks a lot! casino en ligne Great data Kudos! casino en ligne Kudos. I appreciate it! casino en ligne France You stated it wonderfully! casino en ligne fiable Valuable posts, Thank you. casino en ligne Kudos, Useful stuff! casino en ligne France Info effectively used.. casino en ligne fiable Thanks a lot, Quite a lot of stuff. casino en ligne Very good forum posts. Regards. casino en ligne