Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Депутаттық фракция отырысы өтті

Депутаттық фракция отырысы өтті


Жаңақорған аудандық мәслихат залында аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына арнайы аудандық мәслихет төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов және фракция мүшелері қатысты. Фракция отырысын фракция жетекшісі Бибасарова Лаура Әбілханқызы ашып жүргізді.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды.
Жолдау Қазақстанның жан-жақты дамуына бағытталған жеті негізгі бағытты қамтиды:
1. Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту.
2. Өнеркәсіптік қаңқаны нығайту.
3. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа серпіні.
4. Көлік-логистикалық және туристік әлеуетті іске асыру.
5. ТКШ және су инфрақұрылымын жаңғырту.
6. Кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде.
7. Адами капиталды дамыту.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы елді терең жаңғыртудың кешенді стратегиясын білдіреді. Президент өз үндеуінде жасанды интеллекті кеңінен енгізу және жалпы цифрландыру дамудың түпкілікті факторы және негізгі қозғаушы күші болып табылатын елді терең жаңғырту бағытын белгіледі. Мемлекет басшысы жариялаған реформалар – жаңа инвестициялық циклді іске қосу, Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі арнайы министрлікті құру, «Alatau City» мегажобасын жүзеге асыру, сондай-ақ бірпалаталы Парламентке көшу мәселесін талқылау – барлығы бір мақсатқа бағытталған. Ол мақсат – бәсекеге қабілетті, қуатты әрі Әділетті Қазақстанды қалыптастыру.
19 қыркүйек 2025 ж. 243 0