Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ІШІНДЕ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ІШІНДЕ


Депутаттар – халық пен биліктің арасын жалғап тұрған алтын көпір. Олар қашанда елдің игілігі үшін еңбек етіп, қоғам дамуына қажырлы үлесін қосып келеді. Жаңақорған аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ысқақ Ойшыұлы қабылдау өткізді.


Облыстық мәслихат депутаты қабылдау барысында айтылған мәселелерді заң шеңберінде қарап, қадағалауына алып, ұсыныстардың орындалуын бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Дана халқымыз мұндайда «Жақсыдан – шарапат» дейді емес пе? «Ер-азаматтың абыройының өлшемі – еңбегі, жақсы істері» дейтін болсақ, Жанкелді Ойшыұлының бұл бағытта жаңашыл еңбегіне ел куә.
Сапар барысында А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана ұжымына Жанкелді Ысқақ өзінің құрастыруымен, демеушілігімен шыққан «Борыш» кітабынан 84 дана, «Аманат жүгі» кітабынан 31 дана, «Адырбек» атты кітаптан 45 дана сыйға тартты.
«Борыш» кітабы Ауған соғысына қатысқан жаңақорғандықтардың атынан Аблакимов Қуаныш Мұсаұлының аманатымен дайындалған. Азаматтың борыныша адал жауынгерлердің ерлігін жастарға үлгі ету, сол арқылы келешектің бойында отансүйгіштік рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатта жазылған кітапта 1979-1989 жылдары Жаңақорған ауданы бойынша Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлердің өмірбаяндары фотосуреттерімен қоса берілген.
«Аманат жүгі» кітабында сындарлы кезеңде ел таңдауына ие болып, Қазақстан сайлау тарихында тұңғыш рет праймериз арқылы аманат арқалап, облыстық мәслихаттың ҮІІ шақырылымына депутат болған азаматтар жайында жазылған. Қиыншылыққа толы қысқа кезеңде елдің үмітін ақтау жолында Қазақстанның саяси-экономикалық және саяси тұрғыдан жан-жақты дамуы үшін депутаттар не тындырды? Күн тәртібінде қаралған мәселелердің, халық қалаулылары қабылдаған шешімдердің елге қандай пайдасы тиді? Кітап осындай және басқа да сауалдарға жауап іздеген көпшілік қауымға арналады.
«Адырбек» кітабында сексен жасқа қараған шағында дүниеден өткен көрнекті балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың бір топ өлеңдері, Жаңақорған өңірі жайлы жазылған тарихи дүниелері, қоғам, заман туралы толғаныстары, елден шыққан танымал тұлғалар жайлы толғаулары топтастырылды.
Халық қалаулысы ауданда болған іс-сапарында соғыс батыры Айтмағамбет Накипов туралы деректер жинап, қайталанбас ерлігін үкімет қабырғасында көтеру үшін зерттеу жұмысын бастапты. Бұл туралы өзі былай деді.
– Рейстахқа алғаш болып танкпен бұзып кірген батырымыз жайында көпшілік біле бермейді. Ерлігі ескерусіз қалған тұлғаны Президенттің назарына ұсынып «Халық қаһарманы» атағын алуына мүдделіміз. Биыл сексен жылдық мерекеде туған жеріне батырдың Рейстахта тұрған танктің көшірмесін әкеліп орнатылды. Бұл да болса, елеулі оқиға, – деді депутат.

Мақпал МАРҚАБАЙ

30 тамыз 2025 ж. 1 573 0