Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІ БАСТЫ НАЗАРДА


Аудан көлемінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы құрылған топтармен жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Осыған сәйкес Жаңақорған кентіндегі жастар көп шоғырланатын ойын-сауық орындарына, кафе-барлар мен парктерде "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Түнгі рейд жұмыстарына аудан әкімдігі, аудандық полиция, аудандық Қоғамдық даму, «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымының мүшелері, «Жастар рухы» ЖҚ мүшелері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі беймезгіл уақыттарда заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын орталықтарында жүруін бақылау, жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге шектеулі уақыттан кейін көшеде, қоғамдық орындарда жүрмеу және т.б. бағыттар бойынша түсіндірме жасалды.
20 тамыз 2025 ж. 1 321 0