Соңғы жаңалықтар

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?

Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?


2025 жылы қазақстандықтар Тамыздың соңында атап өтілетін Конституция күніне байланысты ұзақ демалысқа шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.
Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:
  • 2–3 тамыз,
  • 9–10 тамыз,
  • 16–17 тамыз,
  • 23–24 тамыз,
  • 30–31 тамыз күндері — ресми демалыстар.
Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.
28 шілде 2025 ж. 615 0