Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "АУЫЛ АМАНАТЫ" партиялық жобасы аясындағы кездесу

"АУЫЛ АМАНАТЫ" партиялық жобасы аясындағы кездесу


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Жаңақорған кентінде кездесу өткізілді.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Төрағасы Арман Мажитов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаев қатысты.
–«Ауыл аманаты» – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көзделген бірегей жоба. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында тігін цехпен айналысатын кәсіпкердің жұмыс орнымен танысып, өндіріс барысын көзбен көрді. Жергілікті өнімдердің сапасы мен өндіріс қарқыны оң бағаланып, аудандағы шағын және орта бизнестің дамуында айтарлықтай ілгерілеу байқалатыны атап өтілді.
Осындай кездесулер кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа мүмкіндіктерді саралап, бизнестерін одан әрі дамытуына зор мүмкіндік береді!
Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несие мүмкіндіктері жан-жақты түсіндіріліп, кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
18 шілде 2025 ж. 388 0