№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ


Бүгін Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндіру бекетінің ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Мадиярұлы Ахметов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Айдосұлы Мырзагелдиев, азаматтық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл ардагерлері және жергілікті ауылдарда құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдарының мүшелері арнайы қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Мырзагелдиев өз кезегінде құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның маңыздылығына тоқталды.
- «Азаматтық қорғау саласы — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды тетік. Бүгінгі ашылып отырған өрт сөндіру бекеті — ел қауіпсіздігін нығайтуға қосылған сүбелі үлес. Бұл бекет тек Манап ауылы үшін ғана емес, "Батыс Европа - Батыс Қытай" халықаралық автомобиль дәлізінің бойында орналасқан 4 ауылдық округтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады. Осы арқылы біз жақын жерден жедел көмек көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз», — деп аудан әкімінің орынбасары атап өтті.
Одан соң арнайы жабдықталған ғимарат ішін аралап көріп, техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ғимарат барлық қажетті құрал - жабдықтармен, оның ішінде «Урал» маркалы өрт сөндіру көлігімен сондай ақ қызметкерлердің жатын және асхана бөлмесімен толық қамтамасыз етілген.
Жаңадан бой көтерген өрт сөндіру бекеті жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет ететін болады және төтенше жағдайларға жедел әрекет етудің сапасын арттырады.
Еліміздің тыныштығы мен азаматтардың өмірін сақтау жолында қызмет ететін ер жүрек өрт сөндірушілерге әрдайым сәттілік серік болсын дейміз!
18 шілде 2025 ж. 89 0