№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылша ауруының алдын алу жайлы

Қызылша ауруының алдын алу жайлы


Қызылша  бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті.
Қызылшаның белгілері: Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің әсерінің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмекке жүгіну керек.
Қызылшаның алдын алу.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюнктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Қорықпаңыздар, бұл жағдайлар болуы мүмкін және олар қауіпті емес. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Р.Ахметова
Жаңақорған аудандық СЭББ бас маманы
10 ақпан 2025 ж. 211 0