Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Шиелі ауданына жұмыс сапары

Шиелі ауданына жұмыс сапары



Бүгін Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасарлары Еркін Дәуренұлы мен Жанар Абдрайханқызы, сондай-ақ Фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Гүлназ Бадрақова Шиелі ауданына іс-сапармен барды. Сапар барысында аудандық ХҚКО мен АХАТ бөлімінің жұмысы тексеріліп, көрсетілетін қызметтердің сапасына баса назар аударылды. ХҚКО ғимаратындағы бірқатар техникалық мәселелер мен келушілерге арналған суретке түсіру аумағын қалпына келтіру қажеттігі атап өтілді.
Халықтың сын-пікірі әрдайым ескеріліп, қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.
АХАТ бөлімі қазіргі таңда Руханият орталығында орналасқан. Мұнда күнделікті туу туралы, зейнеткерлік және неке қию куәліктері тұрғындарға салтанатты жағдайда табысталып жатыр.
Іс-сапардың негізгі мақсаты – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қолайлы жағдай жасау.
19 маусым 2025 ж. 479 0