Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстанда бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты

Қазақстанда бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты

фото:egov.kz
Бұл өзгеріс ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына сәйкес күшіне енді.
Қазақстанның бірнеше банкі қайталама тұрғын үй нарығынан баспана алуға арналған ипотекалық өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды  ulysmedia.kz 

Krisha.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Freedom Bank Kazakhstan қайталама нарықтағы пәтерлерге ипотека беруді шектеген. Қазіргі таңда бұл банктер тек бастапқы тұрғын үйге несие беруді жалғастырып отыр, ол да тек серіктес құрылыс компаниялары арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20%-дан аспайтын құрылыс компанияларынан ғана баспана алуға болады.
Қаржы ұйымдары бұл шектеулердің мерзімі мен нақты шарттары кейінірек жарияланатынын хабарлады.
17 маусым 2025 ж. 748 0