ЖЕТІСТІГІМЕН ҚУАНТҚАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сыр өрендері Венгрия, Грузия, Түркіменстан, Түркия елдерінде, Молдова Республикасы астанасы Кишиневте, Египет мемлекетінің Александрия қаласында, Ташкент, Баку, Өзбекстан мемлекетінің Бұхара қаласы және Астана, Алматы қалаларында өткізілген түрлі білім бәсекесі мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары.
Айта кетейік, облыс әкімінің қолдауымен Сыр дарындыларының олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарынан жоғары нәтиже көрсетуіне Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» мен Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтарында “Сыр дарыны” оқу-жаттығу жиыны үш жыл қатарынан жұмыс жасап келеді.
Оқу-жаттығу жиынына олимпиадалық резерв мектептерінің 7-10 сынып оқушылары аралығында үздік нәтиже көрсеткен 960 оқушы жыл бойы үзбей жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндері бойынша дайындық сабақтарына қатысады. Шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдер заманауи жабдықталған лагерь кабинеттерінде оқу- жаттығу сабақтарын жоғарғы деңгейде жүргізіп келеді.