Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 141

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Белгілі ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті

Белгілі ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті


фото: әлеуметтік желіден
Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан халық жазушысы Темірхан Медетбек 81 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.Бұл туралы ақын Қасымхан Бегман әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады. 
"Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны Темірхан Медетбек дүниеден өтті. Қаршадайымнан өлеңдерін оқып, қасына ерген асыл ағам, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбектің дүниеден озғанын қазір ғана Шолпан жеңгем маған ең бірінші хабарлады. Соңғы аптада Темірхан ағамыздың ауыр халде ауруханаға түсуіне байланысты отбасымен, дәрігерлермен Жазушылар одағының басшылары үнемі хабарласып тұрды.
Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов екеуіміз 2 күн бұрын барғанда жансақтау бөліміне кіргізбеген соң, мен «Аға, біз келіп тұрмыз, жаныңыздамыз» деп хат жазып, қалдырып кетіп едім. Бүгін Төраға Мереке Құлкенов, оның кеңесшісі Әміржан Қосанов және белгілі кәсіпкер Қанат Сәнік төртеуіміз Алматыдағы Совмин ауруханасының ағамыз жатқан жансақтау бөліміне кезекпен кіріп, үнсіз бақұлдасып, қоштасып шыққан едік.
Иә, өткенде ғана ағамыздың 80 жасын дүркіретіп Алматыда тойлаған едік. 81 қараған шағында өмірден өтті. Қазір ғана Германиядан Серік Тәукебаев, Алматыдан Қанат Әшірбекұлы Сығай хабарласты. Аламанда алдына жан салмай шапқан дауылпаз ақынның дүниеден өтуіне орай бүкіл қазақ халқына, оның оқырмандарына қатты қайғырып, көңіл айтамын.
Ақын Темірхан Медетбектің жаназасы қашан шығатыны, қонақасы, асы қайда берілетіні жайлы қосымша хабарлайтын боламыз", – делінген хабарламада.
11 мамыр 2025 ж. 254 0