1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Құрметті қауым! Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – барша халқымыздың ынтымағы мен татулығының, өзара түсіністігі мен келісімінің жарқын символына айналған айтулы күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Қазақстан – біртұтас ұлт, ортақ тағдыр, ортақ болашақ» ұстанымына негізделген ел. Осындай бірлік пен келісімнің арқасында біз көптеген жетістіктерге жеттік, әлемге үлгі боларлық деңгейге көтерілдік.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр.
Мерейлі жыл аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен Қызылорда қаласында жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын жаңа «Достық үйі» бой көтеруде.
Бұл ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріліп, этномәдени бірлестіктердің жемісті жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады деп күтілуде.
Сонымен қатар, облыс әкімінің бастамасымен барлық аудандарда ашылған «Руханият орталықтары» ел бірлігін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың алаңына айналды. Аталған орталықтарда «Қоғамдық келісім» кабинеттері құрылып, этнос өкілдерінің бас қосатын, түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастыратын ортасына айналып отыр.
Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан болса, біздің ауданымызда
17-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосуда. Ауданда өзара келісімді арттыру бағытында Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері және қоғамдық бірлестіктер бірлесіп, жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Құрметті жерлестер!
Біз көпұлтты қоғамымыздың басты байлығы — татулық пен бірлік екенін әрдайым жадымызда ұстауымыз қажет. Себебі бірлігі бекем елдің болашағы кемел болатыны сөзсіз.
Осы бір мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, бірлік пен ынтымақ тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Мажит Самитов