№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Елімізде тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагоны іске қосылады

Елімізде тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагоны іске қосылады

Фото: ©El.kz/Мақсат Рысбаев
1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал-Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады, деп хабарлайды 
El.kz ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:

№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;

№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;

№45/46 «Павлодар – Түркістан»;

№37/38 «Маңғыстау – Семей»;

№47/48 «Атырау – Астана»;

№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;

№4/3 «Астана – Алматы»;

№71/72 «Астана – Шымкент»;

№354/353 «Астана – Семей»;

№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;

№25/26 «Алматы – Шымкент»;

№614/613 «Орал – Маңғыстау».

Айта кетейік, әйелдер вагонында қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар бұл вагонда 7 жасқа дейінгі ұл балалар бірге жүруіне рұқсат берілген.
28 сәуір 2025 ж. 212 0