Жаңақорған аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Қызылорда облыстық білім басқармасының Жаңақорған аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы Нариман Жакудаевты таныстырды.
Нариман Жакудаев - 1991 жылы 18 желтоқсан күні Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, география пәні мұғалімі мамандығын бітіріп, білім саласы бойынша тәлімгерлік, пән мұғалімі, мектеп директорының орынбасары және мектеп директорының қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Жаңақорған ауданы, Аққұм елді мекеніндегі №221 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарған.
Аудан әкімі Мажит Самитов, Н.Жакудаевтың жинаған мол тәжірибесін, кәсіби қабілетін жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға жұмсайды деп сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Жиында аудандық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Даулет Қалыбаев мекеменің жаңа басшысы Нариман Үсенұлын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.