№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды



Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен 2022 жылдың шілдесінен бері Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының қызметін атқарып келген Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы меритократия қағидатына сәйкес облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


«Мейрамбек Зинабдинұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Басқарушылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Мейрамбек Зинабдинұлы жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, ветеринария басқармаларына жетекшілік жасайтын болады. Осы ретте, Мейрамбек Зинабдинұлына жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырамын», - деді аймақ басшысы.
Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов Мейрамбек Зинабдинұлын құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих», «Экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы № 239 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1995-2004 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, аппарат басшысы лауазымдарында еңбек етті.
2004-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы жауапты қызметтерін абыроймен атқарған. 2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың шілде айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
28 шілде 2023 ж. 236 0