Анам айтқан естелік
Менің анамның жасы биыл тоқсанның төртеуіне келді. Ол
осы Жаңақорған кентінде 1932 жылы өмір есігін ашқан.
1803 жылы Қалмырза атамыздың балдары Сасықбай батыр
бастаған ел көлдің жағасына қорған соғады. «Әттеген-ай,
топырақты іштен алғанда қорғанның рахатын өзіміз көретін
едік, сырттан алыпсыңдар, пайдасын да жат көретін болды
ғой», — деген сөзін ұрпақтары ұмыта алмаған. Ал жағадан
салынған зәулім қорған айналасына сол кездің өзінде-ақ
«Жаңақорған» деген есіммен мәлім болған.
Қоқан хандығы билік жүргізіп
тұрған кезде «Жаңақорған»
атауын (Янги Курган) деп аталды.
Салықты үсті-үстіне салып, әбден
титықтатады. Бұл қорлыққа
төзбеген Сасықбай бабамыз білекті
де жүректі жігіттермен Қызылқұмды
көктей өтіп, Қоқанға жетіпті. Қоқан
ханның алдына барып: «Мен –
Сасықбаймын, Түркістан өлкесіндегі
Жаңақорған деген жерден келдім.
Сондағы бір қауым елдің басшысы
– батырымын. Түркістандағы
бек жаңақорғандықтарға азар
беріп отыр. Оны жөнге саласыз
ба, болмаса халықты көтерейін
бе? Соны білгелі келдім», – дейді
Қоқан ханы Сасықбайдың ержүрек
батырлығын сынап, тәнті болып,
Жаңақорған аймағын Түркістаннан
бөліп, бек етіп Сасықбайды
сайлайды. Сасықбай шын мәнінде
жаңақорғандықтардың көсемі, әрі
батыры еді.
ХІХ ғасырдың алпысыншы
жылдары орыстың қолбасшысы
Черняевтың қолы Ақмешітті,
артынша Жаңақорған бекінісіне
шабуыл жасап басып алады.
Қорғанның бұрыш-бұрышына
жарылғыш зат қойып, қорғанды
жермен жексен етіп, жарып жібереді.
Жергілікті халық орыстарға
бағынады да, қамкесектен үйлер
салуға кірісті. Жыл асқан сайын
әлеуметтік жағдайлары да
бұрынғыдан әлдеқайда көтеріліп,
көп өзгерістерге ұшырады. Сауда
молайып, қолөнер кәсібі де
дамыды. Қорған қабырғаларын
тұрғызып, қалпына келтіру ешкімнің
де ойына келген жоқ. Соған
қарамастан байырғы елдімекен
отырықшылықтың алтын діңгегі
болып қала берді. Бұрынғы
«Жаңақорған» (Яны-Курган) атымен
аталды.
1904 жылы Жаңақорған үстінен
Ташкент-Орынбор темір жолы
өтті. Мұның өзі тұрғындардың
Ақмешіт, Түркістан, Шымкент,
Ташкент сияқты ірі қалалармен
сауда жасауына мүмкіндік туғызды.
Келер жылы Темір жол бекеті, су
жинайтын мұнарасы, бастауыш
мектептер ашыла бастады.
Солардың бірі – қызыл кірпіштен
салынған Жаңақорғандағы
Омартөре Жанғалин салдырған
мектеп еді. Мектептің алғашқы
ұстаздары Омар Төре Жанғалин,
Байнияз Хангелдин, Бейсенбай
Әбдиев, Евгения Трофимовна
Высоцкая. Осы мектептің алғашқы
түлектері Бегайдар Аралбаев,
Шарап Елтияров, Садықбек
Сапарбеков, Ідәя Әділұлы болатын.
Жаңақорғанда он екі жыл болыс
болған Жантөре болыс, Елтияр,
Әбен билер есімі ел жадында.
Жаңақорғанның батыс жақ
беті «Ескі базар» деп аталып
кеткен. Айналасы қаптаған кішігірім
дүкендер. Саудагерлер алдымен ат
басын керуен сарайға тірейді, ығыжығы халық. Тері, жүн, қаймақ, сүт
сатушылардан көз сүрінеді. Керуен
сарайда би-болыстардың мәжіліс
өткізетін орны болған.
Ресейдің отарлау саясатынан
құтылдық па деп ойлаған ел енді
қызыл империяның зорлықшыл
билігіне тап болғанын білмей қалды.
Бағзы заманнан бері сарғая күтіп
аңсаған азаттықтың ауылы тағы
да алыстай түсті. Осынау ауыр
кезеңдер туралы анам Күлсара
былай деп еске алады:
– 1939 жылы армия қатарына
кеткен Әбілхайыр ағам үш жылдан
кейін борышын өтеп қайтар кезде
соғыс басталып кетті. Үйдегі қара
радиодан соғыстың өршіп жатқанын
хабарын біліп жаттық.
Өмір мен өлім таразыға түскен
осындай алапат шақта елдегі бар
ауыртпалық буыны қатпаған бала
мен еңкейген кәріге, боздағы мен
бозбаласын майданға аттандырған
кейуана мен жас келіншектерге
түсті. Ескі базардың қасындағы жер
көпеде жас келіншектер саздан
ыдыс, кесе жасап кептіріп, бояу
жағып сауда орындарына жіберіп
жататын. Мен анама даладан
итжидек теріп, кептіріп жағып сілті
дайындап қоямын. Шашылып
жатқан сүйектерді теріп келем,
анам қазанға салып қайнатып
сілтіні салып май болып шыққанша
қайнатып кішкентай бес-алты кесеге
құйып сабын жасап өткізетінбіз.
Алдамжар деген ауылсовет «Үш
ешкің бар, арқан өріп өткізіңдер»
деп келетін. Үш ешкіден не шықсын,
өлімсек малдардың жүндерін теріп
илеп арқан өретінбіз.
Аудан еңбекшілері майданға
ет, картоп, күріш, пияз, қауынқақ,
құрт, май жөнелтіп отырды. Әр
отбасынан қолғаптар, шұлықтар
тоқылып, майданға жіберу үшін
тиісті орындарға өткізілді.
Ескі базардың әкімшілік
конторына «трудовой колонна»
бір вагон адамдарды түсіріп алып
келіп жатқызды, астарына қамыс
төсеп тастаған, аш- жалаңаш,
ауру, ыңырсып жылап, айқайлап,
аштықтан өліп жатқандары болды.
Анаммен бірге бір қазан ботқа
быламық жасап апаратынбыз,
көп жемесін деп қолдарына бір
шөміштен ғана салып береміз.
Өлгендерін ауылдың қариялары
«Құмсаһаба» жаққа апарып көміп
келетін. Одан соң шешен халқын
алып келді. Оларды әр үйге бір
жанұядан бөліп берді, солармен
бірге тұрдық, бір нанды бөліп жедік.
Соғыстан үш бұрышты хаттар
келіп жатты, бастауыш білімім
ғана бар мен соғыстан келген
хаттарды оқып берем. Есік
алдындағы тандырға көршілер
де келіп нандарын пісіріп алатын.
Пойыздың өтетін уақытына қарай
анам жауып берген нанды апарып,
азын аулақ ақшаға сатып, ары
қарай мектепке баратыным есімде.
Ескі базардың қасында темір жол
өткелінен өткенде таудан аққан
су тасқыны келіп көпірден көлге
құятын. Ауылдың жас балалары
жиналып, темір жолдан өтіп жуа,
көк, қызыл гүлдер теретінбіз. Жазда
атаммен бірге орыс қазған каналдың
қасында қауын-қарбыз егеміз.
Атама көмектесіп есек арбамен
бірге қайтамын. Сонда атамның
айтатыны: «қызым, бос отырмай
ағаштағы торғайларға, жан-жаққа
қарап, табиғаттың сұлулығын
тамашалап отыр» дейтін. Атамның
бұл сөздері ауыр күндерде бір
мезгіл сергіп қалсын дегені болар, –
деп күрсінеді апам.
Алты перзентін Жаңақорғаннан
шығарып салған Үміт ана - Үміт
Мұратбекқызы еді. Сол алты
ұлының біреуі – Мәрсәлі ғана
жеңіспен елге оралған екен. «Үміт
ана – арманда кеткен Аналардың
Анасы» деген атпен «Тағзым»
алаңына есімі елге белгілі, заң
ғылымының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасының ҰҒАның академигі, еңбек сіңірген ғылым
қайраткері, Қызылорда облысының
Құрметті азаматы, Жаңақорған
ауданының «ХХ ғасыр адамы»
Сұлтан Сартаев өз қаржысына
«Батыр Ана» Үміт Мұратбекқызына
арнап ескерткіш салдырып, Жеңіс
күні – 9 мамыр 2007 жылы ашылды.
Әлемді тітіретіп, талайды
қан қақсатқан сұрапыл соғыс
Жеңіспен аяқталды. Уақыт өткен
сайын кешегі күндей күркіреп
өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең
оқиғалары да арасын аулақ салып,
алыстап барады. Бірақ қанша
алыстағанмен, ол көңілден кетіп,
жүректен өшкен емес. Майданнан
оралмаған немесе хабарсыз кеткен
жаңақорғандық боздақтардың ерлігі,
тылдағылардың көз ілмей күні-түні
жасаған ерен еңбегі мен тілегі Жеңіс
атты қуанышты жарқырата жазуға
үлес қосып, бейбіт күнді сыйлады.
Жеңіспен елге оралғандар еңбекке
араласты. «Қарақтарым, біз не
көрмедік, біздің көрген күнімізді енді
ешкімнің басына бере көрмесін...»
деп анам күнде Құдайдан тілеп,
бізге батасын беріп отырады.
Рысбек АМАНДЫҚОВ,
«Мәдениет саласының үздігі»
Астана қаласы
осы Жаңақорған кентінде 1932 жылы өмір есігін ашқан.
1803 жылы Қалмырза атамыздың балдары Сасықбай батыр
бастаған ел көлдің жағасына қорған соғады. «Әттеген-ай,
топырақты іштен алғанда қорғанның рахатын өзіміз көретін
едік, сырттан алыпсыңдар, пайдасын да жат көретін болды
ғой», — деген сөзін ұрпақтары ұмыта алмаған. Ал жағадан
салынған зәулім қорған айналасына сол кездің өзінде-ақ
«Жаңақорған» деген есіммен мәлім болған.
Қоқан хандығы билік жүргізіп
тұрған кезде «Жаңақорған»
атауын (Янги Курган) деп аталды.
Салықты үсті-үстіне салып, әбден
титықтатады. Бұл қорлыққа
төзбеген Сасықбай бабамыз білекті
де жүректі жігіттермен Қызылқұмды
көктей өтіп, Қоқанға жетіпті. Қоқан
ханның алдына барып: «Мен –
Сасықбаймын, Түркістан өлкесіндегі
Жаңақорған деген жерден келдім.
Сондағы бір қауым елдің басшысы
– батырымын. Түркістандағы
бек жаңақорғандықтарға азар
беріп отыр. Оны жөнге саласыз
ба, болмаса халықты көтерейін
бе? Соны білгелі келдім», – дейді
Қоқан ханы Сасықбайдың ержүрек
батырлығын сынап, тәнті болып,
Жаңақорған аймағын Түркістаннан
бөліп, бек етіп Сасықбайды
сайлайды. Сасықбай шын мәнінде
жаңақорғандықтардың көсемі, әрі
батыры еді.
ХІХ ғасырдың алпысыншы
жылдары орыстың қолбасшысы
Черняевтың қолы Ақмешітті,
артынша Жаңақорған бекінісіне
шабуыл жасап басып алады.
Қорғанның бұрыш-бұрышына
жарылғыш зат қойып, қорғанды
жермен жексен етіп, жарып жібереді.
Жергілікті халық орыстарға
бағынады да, қамкесектен үйлер
салуға кірісті. Жыл асқан сайын
әлеуметтік жағдайлары да
бұрынғыдан әлдеқайда көтеріліп,
көп өзгерістерге ұшырады. Сауда
молайып, қолөнер кәсібі де
дамыды. Қорған қабырғаларын
тұрғызып, қалпына келтіру ешкімнің
де ойына келген жоқ. Соған
қарамастан байырғы елдімекен
отырықшылықтың алтын діңгегі
болып қала берді. Бұрынғы
«Жаңақорған» (Яны-Курган) атымен
аталды.
1904 жылы Жаңақорған үстінен
Ташкент-Орынбор темір жолы
өтті. Мұның өзі тұрғындардың
Ақмешіт, Түркістан, Шымкент,
Ташкент сияқты ірі қалалармен
сауда жасауына мүмкіндік туғызды.
Келер жылы Темір жол бекеті, су
жинайтын мұнарасы, бастауыш
мектептер ашыла бастады.
Солардың бірі – қызыл кірпіштен
салынған Жаңақорғандағы
Омартөре Жанғалин салдырған
мектеп еді. Мектептің алғашқы
ұстаздары Омар Төре Жанғалин,
Байнияз Хангелдин, Бейсенбай
Әбдиев, Евгения Трофимовна
Высоцкая. Осы мектептің алғашқы
түлектері Бегайдар Аралбаев,
Шарап Елтияров, Садықбек
Сапарбеков, Ідәя Әділұлы болатын.
Жаңақорғанда он екі жыл болыс
болған Жантөре болыс, Елтияр,
Әбен билер есімі ел жадында.
Жаңақорғанның батыс жақ
беті «Ескі базар» деп аталып
кеткен. Айналасы қаптаған кішігірім
дүкендер. Саудагерлер алдымен ат
басын керуен сарайға тірейді, ығыжығы халық. Тері, жүн, қаймақ, сүт
сатушылардан көз сүрінеді. Керуен
сарайда би-болыстардың мәжіліс
өткізетін орны болған.
Ресейдің отарлау саясатынан
құтылдық па деп ойлаған ел енді
қызыл империяның зорлықшыл
билігіне тап болғанын білмей қалды.
Бағзы заманнан бері сарғая күтіп
аңсаған азаттықтың ауылы тағы
да алыстай түсті. Осынау ауыр
кезеңдер туралы анам Күлсара
былай деп еске алады:
– 1939 жылы армия қатарына
кеткен Әбілхайыр ағам үш жылдан
кейін борышын өтеп қайтар кезде
соғыс басталып кетті. Үйдегі қара
радиодан соғыстың өршіп жатқанын
хабарын біліп жаттық.
Өмір мен өлім таразыға түскен
осындай алапат шақта елдегі бар
ауыртпалық буыны қатпаған бала
мен еңкейген кәріге, боздағы мен
бозбаласын майданға аттандырған
кейуана мен жас келіншектерге
түсті. Ескі базардың қасындағы жер
көпеде жас келіншектер саздан
ыдыс, кесе жасап кептіріп, бояу
жағып сауда орындарына жіберіп
жататын. Мен анама даладан
итжидек теріп, кептіріп жағып сілті
дайындап қоямын. Шашылып
жатқан сүйектерді теріп келем,
анам қазанға салып қайнатып
сілтіні салып май болып шыққанша
қайнатып кішкентай бес-алты кесеге
құйып сабын жасап өткізетінбіз.
Алдамжар деген ауылсовет «Үш
ешкің бар, арқан өріп өткізіңдер»
деп келетін. Үш ешкіден не шықсын,
өлімсек малдардың жүндерін теріп
илеп арқан өретінбіз.
Аудан еңбекшілері майданға
ет, картоп, күріш, пияз, қауынқақ,
құрт, май жөнелтіп отырды. Әр
отбасынан қолғаптар, шұлықтар
тоқылып, майданға жіберу үшін
тиісті орындарға өткізілді.
Ескі базардың әкімшілік
конторына «трудовой колонна»
бір вагон адамдарды түсіріп алып
келіп жатқызды, астарына қамыс
төсеп тастаған, аш- жалаңаш,
ауру, ыңырсып жылап, айқайлап,
аштықтан өліп жатқандары болды.
Анаммен бірге бір қазан ботқа
быламық жасап апаратынбыз,
көп жемесін деп қолдарына бір
шөміштен ғана салып береміз.
Өлгендерін ауылдың қариялары
«Құмсаһаба» жаққа апарып көміп
келетін. Одан соң шешен халқын
алып келді. Оларды әр үйге бір
жанұядан бөліп берді, солармен
бірге тұрдық, бір нанды бөліп жедік.
Соғыстан үш бұрышты хаттар
келіп жатты, бастауыш білімім
ғана бар мен соғыстан келген
хаттарды оқып берем. Есік
алдындағы тандырға көршілер
де келіп нандарын пісіріп алатын.
Пойыздың өтетін уақытына қарай
анам жауып берген нанды апарып,
азын аулақ ақшаға сатып, ары
қарай мектепке баратыным есімде.
Ескі базардың қасында темір жол
өткелінен өткенде таудан аққан
су тасқыны келіп көпірден көлге
құятын. Ауылдың жас балалары
жиналып, темір жолдан өтіп жуа,
көк, қызыл гүлдер теретінбіз. Жазда
атаммен бірге орыс қазған каналдың
қасында қауын-қарбыз егеміз.
Атама көмектесіп есек арбамен
бірге қайтамын. Сонда атамның
айтатыны: «қызым, бос отырмай
ағаштағы торғайларға, жан-жаққа
қарап, табиғаттың сұлулығын
тамашалап отыр» дейтін. Атамның
бұл сөздері ауыр күндерде бір
мезгіл сергіп қалсын дегені болар, –
деп күрсінеді апам.
Алты перзентін Жаңақорғаннан
шығарып салған Үміт ана - Үміт
Мұратбекқызы еді. Сол алты
ұлының біреуі – Мәрсәлі ғана
жеңіспен елге оралған екен. «Үміт
ана – арманда кеткен Аналардың
Анасы» деген атпен «Тағзым»
алаңына есімі елге белгілі, заң
ғылымының докторы, профессор,
Қазақстан Республикасының ҰҒАның академигі, еңбек сіңірген ғылым
қайраткері, Қызылорда облысының
Құрметті азаматы, Жаңақорған
ауданының «ХХ ғасыр адамы»
Сұлтан Сартаев өз қаржысына
«Батыр Ана» Үміт Мұратбекқызына
арнап ескерткіш салдырып, Жеңіс
күні – 9 мамыр 2007 жылы ашылды.
Әлемді тітіретіп, талайды
қан қақсатқан сұрапыл соғыс
Жеңіспен аяқталды. Уақыт өткен
сайын кешегі күндей күркіреп
өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең
оқиғалары да арасын аулақ салып,
алыстап барады. Бірақ қанша
алыстағанмен, ол көңілден кетіп,
жүректен өшкен емес. Майданнан
оралмаған немесе хабарсыз кеткен
жаңақорғандық боздақтардың ерлігі,
тылдағылардың көз ілмей күні-түні
жасаған ерен еңбегі мен тілегі Жеңіс
атты қуанышты жарқырата жазуға
үлес қосып, бейбіт күнді сыйлады.
Жеңіспен елге оралғандар еңбекке
араласты. «Қарақтарым, біз не
көрмедік, біздің көрген күнімізді енді
ешкімнің басына бере көрмесін...»
деп анам күнде Құдайдан тілеп,
бізге батасын беріп отырады.
Рысбек АМАНДЫҚОВ,
«Мәдениет саласының үздігі»
Астана қаласы