Соңғы жаңалықтар

«АБАЙ ӘЛЕМІ»

08 тамыз 2025 ж. 612

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ - ҚОҒАМҒА ӨНЕГЕ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ - ҚОҒАМҒА ӨНЕГЕ

"AMANAT" партиясы аудандық филиалы жанындағы "Санатория Жаңақорған" БПҰ -ның ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарттарға медициналық көмек көрсету шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің денсаулығына көңіл бөлу, олардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамдағы белсенділігін қолдау.
Игі бастама аясында зейнеткерлер мен ардагерлерге тәжірибелі дәрігерлер тегін медициналық кеңес беріп, алғашқы тексеруден өткізді. Қан қысымын өлшеу, қандағы қант мөлшерін анықтау, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бағытында кеңестер беріліп, қажет жағдайда әрі қарай емделуге жолдама ұсынылды.
Шараға қатысқан қарттар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай бастамалардың жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын жеткізді.
Бұл жоба – қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, үлкенге құрмет көрсету дәстүрін жаңғыртудың жарқын көрінісі.
10 сәуір 2025 ж. 175 0