№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жыл сайын әлемде сәуірдің соңғы аптасында Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді

Жыл сайын әлемде сәуірдің соңғы аптасында Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді



Вакцинация – адам ауру қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Ол бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділікті қалыптастыру үшін организмнің табиғи қорғаныс механизмдерін қолданады және иммундық жүйені күшейтеді.

Вакциналар иммундық жүйені арнайы антиденелер шығаруға үйретеді. Олардың құрамында белгілі бір аурудың қоздырғыштарының – аурудың асқыну қаупін тудырмайтын вирустардың немесе бактериялардың тек әлсіреген түрлері бар. Олар өмір бойы қорғайды.
Вакциналар аурудың қоздырғышына қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмдерін белсендіру арқылы ауру қаупін азайтады. Вакцинация ағзаның иммундық реакциясын тудырады.
Дәрігердің айтуынша, қазіргі заманда жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, иммунитеті жоқ кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін. Вакцинация өзіңізді және айналаңыздағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Кез келген адам екпе салдыра алады. Бірақ белгілі бір аурулары бар адамдарға кейбір екпелерді салуға болмайды немесе кейінірек салдыруына болады. Бұл ауруларға:
- созылмалы аурулар немесе емдеу курстары (мысалы, химиотерапия);
- вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар;
- вакцинация кезіндегі ауыр аурулар жатады.
Вакциналар бірқатар аурулардан қорғайды, соның ішінде: жатыр мойны обыры, В гепатиті, тұмау, қызылша, менингит, көкжөтел, пневмония, полиомиелит, құтыру, желшешек және т.б. ДДҰ бағалауы бойынша, тек балаларға арналған вакциналар жыл сайын 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтайды.
Вакцинация қауіпсіз және әдетте қолдың ауыруы, инъекция орнындағы қызару және төмен температура сияқты жеңіл жанама әсерлерді тудырады. Ауыр жанама әсерлер өте сирек кездеседі. Кез келген лицензияланған вакцина оны пайдалануға рұқсат берілмес бұрын мұқият тексеруден өтеді және енгізілгеннен кейін тұрақты бағалау объектісі болып табылады.
Вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурудың салдарынан денсаулыққа елеулі зиян келтіру қаупі вакцинациямен байланысты қауіптен әлдеқайда жоғары екенін есте ұстаған жөн.
Әр адамның вакциналар арқылы алдын алатын аурулардан қорғану мүмкіндігі бар. Өзіңізді және жақындарыңызды инфекциялардан қорғаңыз!
Ж.Шайхысламов,
Аудандық СЭББ бөлім басшысы 
10 сәуір 2025 ж. 149 0