Мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Көктемнің соңғы айы қазақстандықтарды көп демалысымен қуантады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мамырда қандай мерекелер бар?
Мамырда Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (бейсенбі);
- 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі);
- 9 мамыр - Жеңіс күні (жұма).
2025 жылғы 1 мамырда қалай демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасы үшін:- 28, 29, 30 сәуір - жұмыс күндері;
- 1 мамыр (бейсенбі) - демалыс;
- 2 мамыр (жұма) - жұмыс күні;
- 3 және 4 мамыр - демалыс (сенбі және жексенбі).
- 28, 29, 30 сәуір - жұмыс күндері;
- 1 мамыр (бейсенбі) - демалыс;
- 2 және 3 мамыр - жұмыс күндері;
- 4 мамыр - демалыс.
2025 жылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз?
Аптаның ортасында Отан қорғаушылар күні, ал соңында Жеңіс күні атап өтіледі.Бес күндік жұмыс аптасы үшін:
- 5 және 6 мамыр - жұмыс күндері;
- 7 мамыр (сәрсенбі) - демалыс;
- 8 мамыр (бейсенбі) - жұмыс күні;
- 9 мамыр (жұма) - демалыс;
- 10 және 11 мамыр - демалыс күндері.
- 5 және 6 мамыр - жұмыс күндері;
- 7 мамыр (сәрсенбі) - демалыс;
- 8 мамыр - жұмыс күні;
- 9 мамыр (жұма) - демалыс;
- 10 мамыр (сенбі) - жұмыс күні;
- 11 мамыр (жексенбі) - демалыс.
Демалыс күндері ауыстырыла ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған, соның ішінде 11 мамырды 8 мамырға ауыстыру да жоспарланбаған.Мамырда қанша күн демаламыз?
Бес күндік жұмыс аптасындағылар мамырда мереке күндерін қосқанда 12 күн демалады. Қазақстандықтар осы айда 19 күн жұмыс істейді.Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 8 күн демалыс алады. Олар үшін 23 жұмыс күні болады.
Арайлым Нышанова