Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 366

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекет басшысы Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты


Kyzylorda-news.kz
 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Осыған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалғаны туралы жаздық. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
Оқиғаға байланысты үкіметтік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Ұлытау облысы ТЖД жұмыскерлердің тізімін жариялады.
«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған.
«Жомарт» кенішінде көз жұмған жеті жұмысшының да денесі табылды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшылардың денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Фото: Ақорда
19 ақпан 2025 ж. 236 0