№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ – БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ

«РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ – БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ


Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданымызда болып, «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Шараға Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев та қатысты.
Салтанатты шарада аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірдегі жарқын жетістіктер мен игі бастамаларға тоқталды.


– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» – деген болатын. 2024 жылы өңірімізде «Руханият жылы» болып жарияланып, атаулы жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен бірге ауқымды жобаларды да жүзеге асырдық. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы пайдалануға беріліп, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге "Үстел теннисі орталығын", «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен заманауи үлгідегі Оқушылар сарайын ел игілігіне табыстадық. Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Шығармашылық академиясы», Орталық стадион салынуда. Жаңа нысандар биыл мамыр айында іске қосылады.
Руханият орталығы – бірліктің ордасы, рухани қазынамызды толықтыратын, жұртшылыққа қуаныш сыйлайтын орынға айналсын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақ болғай! Ел іргесі бекем, қуаныш құтты болсын!», – деді аймақ басшысы.
Жиында Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, «Айғақ» телерадиокомпаниясының бас директоры, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Дулатбек Әбіш жиналған қауымды құттықтады. Қоғам қайраткері, Нажмадин Мұсабаев ақ батасын беріп, ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.
Елдің бірлігін нығайтып, берекелі іске ұйытқы болар орталықтың сәулеті мен заманауи жабдықталуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Аумағы 2500 шаршы метрден асатын еңселі ғимаратта аудандық архив, музей, кітапхана, неке қию залы, сондай-ақ ардагерлер мен жастар орталығы орналасқан. Бұған дейін бұл мекемелер ескі әрі тар нысанда жұмыс істеп келген еді. Мәселен, аудандық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы ғимараты 1904 жылы салынған. Көрме залы мен құнды жәдігерлерді сақтайтын қоймасы тар болғандықтан, экспонаттарды тиісті талапқа сай сақтау қиынға соғып келді. Бұл туралы аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Ажар Жанаева тарқатты:
– Экспонаттарымызды сақтау, оны толықтыру кең орынға жайғастыру мүмкіндігі аз болып келді. Руханият орталығының ғимаратынан аудандық музейге жалпы көлемі 631 шаршы метр орын беріліп отыр. Оның ішінде музей қоры төменде бөлек орналасқан. Қазіргі таңда музей қорында жалпы 12 мыңға жуық экспонатымыз бар, – деді тарихи-өлкетану музейінің басшысы.
Ғимараттың екінші қабатында орталық кітапхана орналасқан. Ықылым заманнан кітаптың ордасы – парасат үйі, елдің мәдениеті мен әдебиетінің ошағы бо­лып келген. Кітапхана – тек рухани-мәдени жұмыстар­мен ғана шектелмей, халықаралық ынтымақтастық пен бірлікті, келісімді нығайтуға қызмет ететін қоғамдық маңызы бар рухани мекеме болғандықтан руханият орталығының төрінен орын алуы заңдылық. Бұл туралы орталық кітапхана директоры Әсемкүл Тілеубергенова:
– Руханият орталығындағы кітапханамызда 15 мыңнан астам кітап сөрелерге қойылды. Оқырманға қолайлы ортада қызмет алуына барлық жағдай қаралған. Жарықшамдары, интернет, электронды кітапхана іске қосылған. Біздің кітапханашылар екі ауысымда қызмет көрсетуге дайын, – деді.
Руханият орталығында неке қию залы салтанатты айшықталған. Заманауи орталықта жас жұбайлардың некесін заңдастыру рәсіміне куә болдық.
– Бүгіннен бастап жас жұбайлар біздің орталыққа келіп, салтанатты түрде некесін қидырады. Руханият орталығының ашылу салтанатында бірнеше жас жұбайларға неке куәлігін табыстап отырмыз. Өте қуаныштымыз, – деді Жаңақорған аудандық азамат­тардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Тәжібаева.
Айта өтейік, осы күні екі отбасының заңды түрде некесі қиылды. Тарқатып айтсақ, Ұланбек Бексаба мен Индира Жұмаділлаға, Нұридин Ыбырайым мен Шұғыла Қамысбайға неке куәлігі берілді.
Сондай-ақ, осы орталықта үкіметтік емес ұйымдарға, Ассамблеяның аудандық өкілдігіне ҮЕҰ және ардагер­лер кеңесіне де бөлме қаралған. Әз – аналар ізін жалғап, дәстүрді дәріптеп, ізгілік жолында жүрген аудандық әйелдер кеңесі мүшелеріне де орталықта бас қосып, жұмыс жасауына бар мүмкіндік қаралыпты. Заманауи жабдықталған кең мәжіліс залы келелі істерді талдап-тарқатуға таптырмас мүмкіндік дер едік.
Түйіндей келгенде, елге осындай қуаныш сыйла­ған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлына, аудан басшысы Мажит Самитовке аудан жұртшылығының алғысы шексіз. Құтханамыз қуанышқа толы болсын!

Мақпал МАРҚАБАЙ
18 ақпан 2025 ж. 111 0