Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ



Бүгін Жаңақорған ауданында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге жеке қабылдау өткiзiп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарды тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары ақылы жол мәселесі, қосымша құн салығының шекті бағасынан төмендетпеу, жеңіл көліктердің жолда жүру жылдамдығын көтеру, көп балалы аналардың статусын сақтап қалу, Шалхия кентінен спорт кешенін салу, Ақүйік ауылына тоған салу, Жайылма ауылдық округіне дәрігерлік амбулатория салу және білім саласына қатысты ұстаздарға жалдамалы пәтер ақысы мен коммунальдық шығындарын өтеу заңдылығы аясында өтініш – тілектерін білдірді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жан-жақты зерттеліп, құзырлы органдрға ұсыныстар берілетіні айтылды. Сондай-ақ, кейбір өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
04 ақпан 2025 ж. 377 0