№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Президент: Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет

Президент: Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелер тақыланады. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһандық өзгерістердің елімізге әсерін ерекше атап өтті.
«Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор», деді Мемлекет басшысы.
Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалайтынын тілге тиек етті. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталып және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелер талқыланады.
28 қаңтар 2025 ж. 162 0