Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА



Мемлекет басшысы «Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды» деп талап қойғанымен, мәселеге немқұрайлы қарайтындар кездесуде. Қайғылы жағдайлардың басым көпшілігінде балалар кездесіп жатады. Осы себепті де, бүгін аудандық партия филиалы жанындағы «Жалынды жастар» БПҰ-ның және аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №51 М.Қаратаев атындағы орта мектеп пен аудандық полиция бөлімінің қолдауымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балалардың қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында жасөспірімдермен кездесу болып өтті.
Бүгінiмiз бен болашағымыз осы жас ұрпақтың қолында болғандықтан оларға немқұрайлы қарауға әсте болмайды. Сол себепті де, осындай кездесулер арқылы жасөспірмдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алып, оң жол көрсетуге бағытталып отыр.
Атаулы кездесуге аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрмұхамед Бақытжанұлы мен "Жастар ресурстық орталығының" директоры
Наурызбай Орынбасаров, "Жалынды жастар" БПҰ-ның төрағасы Құлмырзаев Мақсат пен мектеп директоры Ибрагимов Жеңіс қатысып, орамды ойларын ортаға салды.
«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Қауіпсіз қоғам, тыныш тіршілік бәріміз үшін маңызды.
09 қаңтар 2025 ж. 172 0