Соңғы жаңалықтар

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

28 наурыз 2025 ж. 51

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Премьер-министр авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды тапсырды

Премьер-министр авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды тапсырды

Агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет.
Энергетика министрлігі компаниялармен бірлесе жер қойнауын пайдаланушылармен, жұмыс берушілермен, салалық колледждермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жұмысшы кадрлар даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек.
Сонымен қатар кадр даярлау және қайта даярлау процесіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет. Елімізде жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкерлер үлесі тек 6%-ды құрайды. Сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнесті жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды.
@KZgovernment
Фото: dknews.kz
09 қаңтар 2025 ж. 100 0