№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН КЕЙБІР ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ АРТТЫРЫЛАДЫ

САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН КЕЙБІР ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ АРТТЫРЫЛАДЫ

Жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылармен бірге Қордың ұзақ мерзімді төлемдері де өседі. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайларына тағайындалатын әлеуметтік төлемдер 6,5 %-ға арттырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева мәлімдеді.
- Қызылорда облысы бойынша 3233 алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 2746 асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылды. Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды. Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қызылорда облысы бойынша осы төлем 6 230 алушыға арттырылады, - деді Гүлсім Жұмағалиқызы.
Отандық еңбек нарығында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, атап айтқанда, «платформалық жұмыспен қамту» сияқты жұмысқа орналастырудың жаңа түрі кеңінен тарала отырып, әлеуметтік аударымдар төленуі тиіс тұлғалар санаты да кеңеюде.
08 қаңтар 2025 ж. 110 0