№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ұлттық банк валюталық операцияларды жүргізу тәртібін қатаңдатты

Ұлттық банк валюталық операцияларды жүргізу тәртібін қатаңдатты

Қазақстанның Ұлттық банкі валюталық операцияларды жүргізу тәртібін қатаңдатты. Атап айтқанда, резидент заңды тұлғаның шетел валютасын сатып алу ережелері өзгерді. 

2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Ұлттық Банктің валюталық операциялар туралы қаулысы күшіне енді. 
"Енді резидент заңды тұлға жалпы сомасы 50 мың доллардан (26 миллион теңгеден аса) асатын қолма-қол емес шетел валютасын теңгеге бір жұмыс күні ішінде сатып алса, банкке сатып алу мақсаты мен валюталық шартты көрсетіп, бұрынғы өтінімдерді ескеріп, баламасы 50 мың доллардан асатын сома болатын өтінімдердің осы бөлігі үшін пайдаланылмаған валютаны кері сатудың көрсеткішін ұсынуы қажет. Бұл ретте шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы сатып алу мақсатына қарамастан, бір жұмыс күніндегі тұтынушылардың барлық сатып алу өтінімдері негізінде есептеледі. Клиент растайтын құжаттарды және кері сатуды көрсетпестен бір банкте бір жұмыс күні кез келген мақсатта баламасы 50 мың доллардан аспайтын сомаға валюта сатып ала алады", –делінген қаулыда.
Валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында валютаны сатып алу үшін сатып алу сомасына қарамастан банкке валюталық шартты ұсыну қажет.
Валюталық операциялар бойынша ақша аударымдарына қатысты да өзгерістер енгізілді.
"Банктен бұрын сатып алған шетел валютасын басқа уәкілетті банкке аударған жағдайда, өз қаражатыңызды аудару туралы өтініште шетел валютасын сатып алу күні, оның нөмірі мен күні туралы мәліметтер болуы тиіс. Егер ақша аудару өтінішінде бұл ақпарат жоқ болса, банк клиентке операциядан бас тартуға мәжбүр болады", – делінген құжатта.
Уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 18-іне (қоса алғанда) дейін жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті ұсынады.
Аяқталған валюталық операциялар туралы есепке валюталық операциялар, соның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген:
  • сомасы баламасы 50 мың долларға тең немесе одан асатын және осындай операцияның сомасына қарамастан клиенттің атынан шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу және сату бойынша операциялар (заңды тұлғалар үшін);
  • сомасы баламасы 10 мың долларға тең немесе одан асатын сома және клиенттің атынан шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу немесе сату бойынша сомасы 1 мың долларға тең немесе одан асатын операциялар эквивалентінде (жеке тұлғалар үшін).
06 қаңтар 2025 ж. 54 0