№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЙКЕНЖЕЛІК БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БАЙКЕНЖЕЛІК БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ


«Ізгі істің басында, жақсы жүрер қасында» демекші, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Байкенжеде қайырымдылық шарасы өтті.
«Адам ұрпағымен, тал бұтағымен көрікті», деген дана қазақ. Расында да, өмір өлкесіндегі әрбіріміздің мойнымызға міндеттелген абзал істер – дүниеге ұрпақ әкеліп, саналы тәрбиемен сусындату. Яғни, өзіңнен өнген перзентті тек жақсыға баулып, бойына ізгілікті дарыту. Мұндай тәрбие процесін жүзеге асыруда негізгі рөлді отбасымен қатар, балабақша деген қара шаңырақ атқаруда. Иә, салмақты сөзімізге дәлел де жоқ емес. 1-маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні» Байкенже ауылындағы «Ерке-наз» бөбекжай балабақшасына «Қызылқұм» ЖШС тамаша базарлық жасады.
Салтанатты шарада сөз алған балабақша меңгерушісі Сандуғаш Егізбаева;
– Бала – отбасының қуанышы, қоғамның байлығы, елдің мақтанышы, ұлттың ұланы. Әрбір бала аялы алақанға кенеліп, бақытты өмір сүру керек. Бұл жолда біздер ата-аналар, ұстаздар, тәрбиешілер адал еңбек етіп, ұлт мұраты жолында бар күш-жігерді сарқа жұмсауға тиіспіз. Ерекше атап өтер жаңалық, ауыл әкімі Нұрғали Оспановтың рұқсат қағазымен іргелес жатқан «Қызылқұм» ЖШС компаниясынан бөбекжайдың ішкі, сыртқы ауласына қажетті жабдықтар сұратқан едік. Сол ұсынысты қабыл алып, балалар мерекесіне орай айрықша тарту жасаған зауыттың бас директоры Әл-Фараби Кенжебековке риясыз разылық айтамыз – деді.
Ерекше жылылық сезілетін аулаға кіргеннен ертегілер әлеміне енгендей күй кештік. Бал-бұл жайнап құлпырған тәп-тәтті қылықты балалар мен озат мамандар, «Микки-Маус», «Арыстан», «Аю», «Ит», «Жолбарыс» сынды жануарлар әуезді әннен шашу шашып, мың бұралған билермен тамсандырды. Тәрбиеленуші ұл-қыздар «Жалқаубек» әніне көрініс құрса, тілі тәтті балақайлар тақпақтарын арнады.
Ал, «Қызылқұм» ЖШС компаниясы тарту еткен батут, әткеншек, сырғанақ, әуе шары, қол добы, теннис үстелі сынды аула ойыншықтары айналаға ерекше сән беріп, балаларды тербете түсуде. Балабақшаның жаңа жалықтырмас ойыншыққа толғанын көрген ойын балалары арасында әткеншекке мініп, сырғанақ теуіп, мәз-мейрам болысуда. Кезекті сөзді тізгіндеген «Қызылқұм» ЖШС кеніш директорының орынбасары Асхат Ниетбаев пен шаруашылық басшысы Сұлтанғали Абжаппаров балаларды төл мерекемен құттықтады. Әрі компания атынан ауылдағы арнаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыдан шыққан 13 балаға және балабақша балаларына арнап 500 мың теңге көлеміндегі қаржыға арнайы ойыншықтар алып бергенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, жомарттық іске куә болған ауылдық әкімдік аппаратының бас маманы Нұрғиса Бектібаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сматулла Рахматуллаев, әлеуметтік қызметкер Айсұлу Қалдыбаева елдің атынан жүрекжарды лебізін жеткізді.

Ханзада ТӨРЕХАН.
05 маусым 2018 ж. 1 046 0