Соңғы жаңалықтар

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Фото: abai.kz
Үкімет «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын»,—делінген құжатта.
Келер жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады:
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – 700,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80,
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131,
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Айта кетейік, қаулы 3 желтоқсанда күшіне енеді.
25 қараша 2024 ж. 235 0