№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі: құзыреттіліктер мен дағдылар

Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі: құзыреттіліктер мен дағдылар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлының 2024 жылдың 17 шілдесіндегі №602 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Онда, мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін объективті бағалау және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты жүйелендіру үшін жүйелі түрде ассессмент өткізген жөн. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту кәсіби даму мен құзыреттерді оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) және оның өңірлік филиалдарының орны ерекше.
 Академияның  басты институционалдық міндеті- мемлекеттік әлеуеті мен мүмкіндіктері жоғары кәсіби мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз ете алатын бірегей әрі озық білім беру және зерттеу мектебін құру.
2018 жылдан бастап Академияда орталықтағы және оның облыс орталықтарындағы 16 филиалы бар бірыңғай кәсіптік оқыту жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта өңірлерде іске асырылатын қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары 80% Академия пәндерінен және 20%  әр аймақтың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін өңірлік компонент пәндерінен тұрады.
Білім беру үдерісінің спикерлері ретінде Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында конкурстық іріктеуден өткен облыстық деңгейде басшылық лауазымдарды атқаратын, мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, Академия түлектері, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері және Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері  шақыртылады. Спикерлердің оқу бағдарламаларының мазмұны тәжірибеге бағытталған, құзыреттілік тәсілге негізделген.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту сапасын арттыру үшін курстардың оқу жоспарларына көшбасшылық әлеует пен стратегиялық көзқарас дағдыларын дамытуға, мемлекеттік қызметшілер арасында сыни ойлауды, әлеуметтік жауапкершілікті және парасаттылықты дамытуға бағытталған пәндер енгізілген.
Ағымдағы жылы Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында бүгінгі күнге дейін 1126 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды және қайта даярлау курстарынан өтті. Оның ішінде 874 тыңдаушы- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері болып табылады.
Біліктілікті арттыру семинарлары бойынша талдау жасасақ, семинар тақырыптарының ішінде 2024 жылы «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбындағы семинар сұранысқа ие болды. Ағымдағы жылы бұл тақырып бойынша
9 семинар өткізіліп, оларда 369 адам қамтылды.
Сонымен қатар депутаттарға арналған 2 семинар өткізіліп, оған
62 облыстық, қалалық және аудандық депутаттар қатысып, біліктілігін арттырды.

Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері оқу үрдісінде сабақтарды өткізудің әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Осылайша филиалда коммуникацияларды басқару бойынша сабақтар өткізуге арналған өзінің тренинг залы бар, онда спикерлер- Қазақстан РТРК Қызылорда облыстық филиалы / Qyzylorda телеарнасының журналистері мемлекеттік органдардың өзара   іс-қимыл мәселелері бойынша және БАҚ, коммуникативті дағдылар, журналистермен және блогерлермен диалог жүргізе білу, сұхбат бере білу және т.б. мәселелерін тыңдаушылармен бірлесе отырып талқылайды.
Мемлекеттік органдардың сұраныстары бойынша және көшпелі семинарларда Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психолог А.Ж. Аяғанова өңіріміздегі мекемелерде өзін-өзі дамыту, стресс-менеджмент, күйзеліске төзімділік, тайм-менеджмент, энергияны басқару және конфликтінің алдын алу  бағыттарында психологиялық тренингтер өткізеді.
Сондай-ақ филиалдың тренерлері – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлерімен «Antikor Ortalygy», № 60 мекемеде (тергеу изоляторы) көшпелі сабақтар жүргізеді.
Өткізілген дәрістердің сапасын бақылау жүйелі түрде іске асырылады. 2023 жылға арналған тыңдаушылардың кері байланыс сауалнамаларын талдау Академияның Қызылорда облысы бойынша филиалында оқу сапасына қанағаттанушылық 99,3% құрайтынын көрсетті. Бұл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына сәйкес келеді.
2024 жылдың 10 айында да оқыту сапасына қанағаттану 98% пайызды құрайды.
Филиалда Академия түлектерінің Түлектер қауымдастығы жұмыс істейді.  Оның мүшелері тренер ретінде шақыртылады, мотивациялық лекциялар, магистратура мен докторантураға түсу бойынша ақпараттық сессиялар өткізеді. Олар осы қызметімен Академияның елшілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметке талантты, білімді жастарды тарту мақсатында Академия филиалы мен Мемлекеттік қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасын іске асыруда. Бұл жоба аясында өңіріміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасынан іріктелген тыңдаушылар Академия филиалының базасында 1 апта білім алып, мемлекеттік органдарда іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.
Филиал сарапшыларды, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын, қалалық және облыстық мәслихаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін облыстағы және жалпы еліміздегі өзекті мәселелерді талқылайтын және ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін пікірталас алаңы болып табылады.
2023 жылдың маусым айында филиал базасында Мемлекеттік қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Мемлекеттік қызметтегі адам ресурстарын басқару орталығы ашылды. Жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік органдардың басқару жүйесінің басшыларымен және қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, онда департамент мәселелерімен қатар, Академия филиалында білім алатын мемлекеттік қызметшілердің оқу үдерісіне қатысты мәселелерді қарайды. Кездесулер тоқсанына бір рет өткізіледі.
Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына ̶ 30 жыл. Осыған орай Академия филиалында Мемлекеттік қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп бірқатар дөңгелек үстелдер, кездесулер, байқаулар өткізілуде.
Қазіргі таңда Академия мемлекеттік қызметшілерді даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен шектелмей, мемлекеттік органдарға ғылыми-талдамалық жұмыстар ұсынатын жоғары оқу орнына айналып отыр. Мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша жобалық басқаруды енгізу, бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжиниринг, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне «Цифрлық комплаенс» ақпараттық жүйесін қолдану арқылы «ҚР СТ ISO 37001 Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» стандартын ұйымдарға енгізу, персоналдың HR сертификаты және т.б. бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеді.

Мадалиева Акзада Алайдаровна,
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының Қызылорда
облысы бойынша филиалының директоры,
заң ғылымдарының кандидаты
19 қараша 2024 ж. 234 0