№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС туралы сұрақтарға жауаптар

МӘМС туралы сұрақтарға жауаптар



МӘМС жүйесі туралы тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап беруді жалғастырамыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңҚызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова түсініктеме берді.
Мен МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санатындамын, бірақ жүйеде мәртебе берілмеген. Неліктен?

Жеңілдік мәртебесі азаматтарды тиісті реестрлер мен базаларға енгізу негізінде беріледі. Мұның бәрі төлеушінің санатына байланысты. Мысалы, күндізгі бөлімде оқитын студенттерді Ұлттық білім беру базасына, ал жүкті әйелдер жүкті және фертильді жастағы әйелдер тізіліміне қосылуы керек. Егер пациенттің деректері тиісті базаларда болмаса және Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәлімет алмаса, онда олар жеңілдік санатына кіре алмайды. Мұндай жағдайда студенттер өздерінің оқу орнының деканатына жүгінуі тиіс, ал әйелдер жүктілік бойынша есепке тұруы керек.
Дәрігер «сақтандырылған» мәртебесін алуды ұсынды және бұл үшін 2020 жылдан бастап МӘМС жарналарын төлеу қажет деп айтты. Солай ма?
Сақтандырылған мәртебесін алу үшін алдағы 12 айға немесе тұрақты төлем жасамаған болсаңыз, соңғы бір жылдағы берешек айларға төлем жасап шығу керек. 
Айта кету керек, егер МӘМС жарналарын бұрын-соңды төлемеген болсаңыз, өткен жылғы қарызды төлемеуіңізге болады. Оның орнына, ағымдағы айды қоса алғанда, алдағы 12 айға жарналарды төлеген абзал. Мәртебе 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
Тексерілуге және бейінді маманның кеңесіне жолдама берілді, бірақ жақын арада ол жерге жазылу мүмкін емес. Нәтижесінде күте тұруыңызды сұрайды. 
Емханада жоспарлы медициналық көмекті екі апта ішінде ұсына алмаса, пациентті қажетті консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін бірлесіп орындау шарты бойынша жұмыс істейтін басқа медициналық ұйымға жолдамамен жіберуі тиіс.
Егер дәрігер жолдама беруден бас тартса, Пациенттерді қолдау қызметіне немесе бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарына жүгіну керек.Мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса Медициналық сақтандыру қорының ресми кері байланыс арналары Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе fms.kz сайтында өтініш қалдыра аласыз.
13 қараша 2024 ж. 108 0