№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » “Балалар адам болудан қалады”: Депутат квадроберлердің қаупін айтып, дабыл қақты

“Балалар адам болудан қалады”: Депутат квадроберлердің қаупін айтып, дабыл қақты

Депутаты Дәулет Мұқаев квадроберлердің қаупін айтып, депутаттық сауал жолдады.

Депутат премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, Қазақстандағы квадроберлерге қатысты мәселені жан-жақты зерттеп, алдын алу шараларын қабылдауды сұрады.
"Квадробер деген кім? Олар адам болудан бас тартып, күнделікті өмірде төрт аяғын басып, жануарлар кейпіне еніп, соларға ұқсауға тырысады. Олар ит пен мысық сияқты өмір сүреді. Бұл еліміздегі балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіреді. Сондай-ақ олар сыртқы түрлерін өзгертіп қана қоймай, адамдарды тырнап-тістеп шабуыл жасайды. Мұндай оқиғалар көршілес Ресей мен Өзбекстанда да тіркелген", – дейді депутат.
Мұқаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде квадробер болуды үйрететін арнайы топтар мен жабық арналар бар. Олар үшін арнайы сабақтар да ұйымдастырылады екен.
"Бір қарағанда, бұл баланың мінез-құлқы сияқты көрінгенмен, ол баланың психологиясы мен әлеуметтік дамуына теріс әсер етеді. Мысалы, батыс елдерінде балалар сабақта сөйлеуден бас тартып, жануарлардың дыбыстарын шығарады. Сондай-ақ квадробер болу үшін қажетті заттарды сату бизнестің жаңа көзіне айналып, интернетте қымбат бағамен сатылуда", – дейді Дәулет Мұқаев.
Депутаттың айтуынша, квадроберлікке құмар балалар "бұл ойыннан психологиялық зардап шегеді және адам болудан қалады".
07 қараша 2024 ж. 147 0