Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Темір ерікпен жеңіске жеткен чемпион

Темір ерікпен жеңіске жеткен чемпион


Ол пауэрлифтинг әлеміндегі ерекше жарқыраған жұлдыз. Оның күші тек білегінде ғана емес, ең алдымен, жүрегінде, қайсар мінезі мен жігерінде жатыр. Спорттағы табысы оңай келмегенін бәрі біледі, бірақ ол әрбір кедергіні болаттай мінезі мен тынымсыз еңбегінің арқасында бағындырып келеді. Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Фариза Төлжан жеңіс тұғырынан бұрын өз қорқынышын жеңіп, шыдамдылықтың шыңына жеткен қазақтың қайсар қызы. Ол пауэрлифтингті таңдады, ал пауэрлифтинг оны чемпион етті.


Жаңарық ауылының тумасы Фариза Төлжан құдайдың қарым-қабілеті қон­ған жан. Қырмызы күнінен-ақ қалың жұртшылықтың таңданысын туғызған ол пауэрлифтингке келгеннен кейін өзін толағай күш әлемінің бір таланты ретінде таныды. Бастапқыда қатарымен ойнап күліп, қамсыз жүрген қыз бойжете келе зілтемірді бағындыруды шын мақсат етіп, өмірін спорттың осы бір ауыр атлети­ка бағытына арнапты. Таңдаған жолы тасада қалдырмай, бойына булыққан күшінің арқасында бойжеткен бүгінге дейін біраз белестерді бағындырып үлгерді.
Ол 2016-2017 жылдары Нұрсұлтан қаласында өткен ҚР чемпионатына қатысып 3- орын алып, қола медальды иеленсе, 2019 жылы Ақтөбеде күміс, 2020 жылы Нұрсұлтанда ҚР ның спартакиадасында 1 орын алып, алтын медальды иеленді. 2022 жылы Талдықорғанда өткен ҚР ның командалық чемпионатында және Ақтау қаласында 1 орынға шығып, алтын алқаны иеленсе, 2022 жылы Оңтүстік Кореяның Пхентхек қаласында өткен Ашық Азия және Океания чемпионатында 3 орынды алып қоланы қанағат тұтыпты. Одан әрі Грузияда өткен Әлем кубогынан 2 күміс, және 3 қоланы иеленіп оралса, 2023 жылы ҚР жазғы жазғы паралимпиада ойындарында 1 орын алып, тағы бір мәрте алтыннан алқа тағынды. Қызылорда облыстьқ мәдениет басқармасының Алғыс хаты және «Мүгедектерге арналған спорт клубы» КММ мекемесінің «Ең үздік спортшысы» атанған спортшы қыз кезекті марапатын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хатымен толықтырыпты. Болашағын ауыр атлетикамен ұштастырған арманы асқақ аруға биылғы жылдың да бергені мол. Ол, үстіміздегі жылы Таразда өткен ҚР командалық чемпионатында да жүлделі 1 орынды еншілеп, еңбігінің жемісін көрді.
Темірді қолмен емес, жүрекпен көтеру керек, Фариза әрбір жаттығуын осындай ұстаныммен бастайды. Ол үшін спорт – жігер мен мінездің шыңдалатын алаңы. Осы күш-қуатының арқасында ол чемпион атанып, талайдың таңдай­ын қақтырды. Оның басты мақсаты өз ішіндегі шекараларды бұзып, жаңа белестерге жету. Оның әрбір жетістігі – өзінің талмас еңбегі мен қажырлы күшінің нәтижесі. Ол үшін қиындық деген тек уақытша тосқауыл. Ең бастысы, алға ұмтылу, армандарға жету жолында ешқашан тоқтамау.
Зілтемірші қыздың жеңіске жетіп, марапат мінберінен көрінуі әуелі жаратқанның, одан қала берді үздіксіз еңбек пен қажыр қайраттың арқасында. Оның үлкен жеңістеріне тілекші тағы бір тұлға – Фаризаның бапкері Бақытбек Рысбаев. Ол тек жаттықтырушы емес, жеңіс жолына бағыттаушы бапкері. Ол шәкіртінің күшімен қоса ішкі сенімін де қалыптастыра білді. Бұл туралы Бақытбек Болатбайұлының өзі былай дейді:
– Мақсатын әу бастан-ақ айқындап алған Фаризаның қайрат-күшімен қатар, рухының мықтылығына сүйсінемін. Ол өзінің қажыр қайратының арқасында кейбір адамдардың бойындағы шек­сіз мүмкіндіктердің шын мәнінде шектеу­лі екенін көрсетті. Фаризаның нағыз күші қайсар жүрегі мен темірдей табандылығында, – дейді бапкері.
Қазіргі уақытта Фариза қараша айында Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде. Бұл жарыстан кейін де арқаны кеңге салмай келесі жылы Египетте өтетін Әлем чемпионатына, Грузияда өтетін Әлем кубоктары мен Жапониядағы Азия ойындарына дайындық бастамақшы екен.
Фариза – жігер мен қайсарлықтың айқын үлгісі. Зілтемірші қыздың жүріп өткен жолы бізге бір нәрсені үйретеді: шын мәнінде шектеулер біздің санамызда ғана. Нағыз күш деп, ешқашан берілмеу және алға ұмтылуды айтамыз. Рухы мықты, ерік-жігері егеулі қыздың әлі де талай биіктерді бағындырарына сенім мол.

Жәмила Ермахан

02 қараша 2024 ж. 284 0