№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ


Қызылордада «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында IХ Республикалық әкелер форумы өтті.
Форумның мақсаты әкелердің балалардың тәрбиесіндегі, отбасындағы және қоғамдағы рөлін арттыру.
Ер адамның бейнесін қалыптастырудағы әкенің рөлі мен жауапкершілігі талқыланған форумға зиялы қауым өкілдері, отбасы саясаты саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Республикалық әкелер одағының өңірлік жетекшілері, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, республиканың барлық өңірінен 150-ден аса делегат қатысты.

Форумның алғашқы күнінде қонақтарға Қызылорда қаласының көрікті жерлері мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандар таныстырылса, екінші күні секциялық жұмыстар ұйымдастырылып, «Достық үйінде» пленарлық отырыспен қорытыланды.
Форумға республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбет, ЮНФПА-ның Қазақстандағы атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев, «QAZAQSTAN ARDAGERLERI» ассоциациясының төрағасы Бақытбек Смағұл, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы Жандос Мақсұтұлы, «Отбасы академиясының» негізін қалаушы, отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтар арнайы шақыртылды.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов форум қонақтарына облыс әкімінің лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, отбасы құндылығы мен киелі шаңырақ қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру, рухани-адамгершілік тәрбиені дәріптеу мақсатында аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Форум ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігінің және «Әкелер одағы» РҚБ ұйымдастыруымен, Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.
Алдағы уақытта Әкелер кеңесінің мәртебесін арттыру бағытында басқа өңірлерде форум өткізу жұмыстары жалғасын табатын болады.
01 қараша 2024 ж. 366 0