№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үстеме жұмыс жасауда мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалуы тиіс!

Үстеме жұмыс жасауда мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалуы тиіс!


Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Осы ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабының 4-тармағында шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілерді қаралған тәртіппен ғана тарту көзделіп, үстеме жұмыс жасағаны үшін заңнамаға сай демалыс күндері (сағаттары) берілуі, өтемақы төленуі қарастырылған.
Сондай-ақ, үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, жалпы ұзақтығы жұмыс уақытын жиынтық есепке алуды белгілеу кезінде төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс делінген (Еңбек кодексінің 78-бабы).
Шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін. Бұл жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері немесе сағаттары беріледі, не болмаса жұмыс мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті еңбек тәртібі мен жұмыс уақыты регламентінің алдын алу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай автоматтандырылған деректер базасына тұрақты негізде бақылау және талдау жүргізеді.
Ақпараттық жүйелердің мәліметтеріне сәйкес 2024 жылдың 9 айында жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг саны – 100, облыстың мемлекеттік қызметшілері 124 сағаттан артық жұмыс уақытына тартылғандығы анықталды.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың деректеріне сәйкес есептік кезеңде демалыс және мереке күндері үстеме жұмыстарға 141 мемлекеттік кезметшіге 190 демалыс күндері беріліп, 20 мемлекеттік қызметшіге 3 млн. теңгеден астам өтемақы төленген.
Тағы атап өтетін жайт, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 89-бабының талабына сәйкес жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Есепті кезеңде 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Осы негізде, мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік қызметшілердің негізсіз жұмыс уақытын асыруда құқықтарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатындығын ескертеміз.
Сондықтан, мемлекеттік органдардың басшылары еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құруға бағытталған шараларды қабылдауы тиіс екенін атап өткен жөн.
        
Әлия Сатыбалдықызы,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша                                     департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының
бас маманы
01 қараша 2024 ж. 103 0